6 Aug 2026, 13:11 UTC71 views7 reactionsread 7 August 2026 Әкем-ау, Құдай Сені мына жарық жалғанға тек сүріну үшін жіберген жоқ.
Күн шырайына шомылсын, ай шуағына малынсын, мөлдір сумен шайынсын, самал желмен тыныстасын, кештерде қайғысы іңірге сіңіп, тек асыл арманы мен азбас-тозбас, сатпас үміті жарасын жамасын, таңнан қайта Тәңірі Тағаласына медет етіп алға бассын деді.
Алға бас. Жаңылсаң жөн сілтер жақсы бар. Жығылсаң жер көтереді. Жүрегің суымасын, шырағым.
❤7
Signed Ерболат ӘМІРЕ
6 Aug 2026, 11:43 UTC78 views1 reactionsread 7 August 2026 Сенің алдыңа әлсіздігін көрсетіп келген адамға “мықты бол” демегейсің.
Мықтылықты ол онсыз да білсе керек…
❤1
Signed Ерболат ӘМІРЕ
5 Aug 2026, 20:22 UTC101 views4 reactionsread 7 August 2026 Адамдар-ай, жылайтын кезде неге күлесіңдер?..
😍4
Signed Ерболат ӘМІРЕ
4 Aug 2026, 18:37 UTC122 views6 reactionsread 7 August 2026 Photo
Photo, posted without a caption
❤6
Signed Ерболат ӘМІРЕ
4 Aug 2026, 15:56 UTC137 views8 reactionsread 7 August 2026 Қайрыла берсең қадірің кемиді.
Қайғыра берсең жалының кемиді.
❤8
Signed Ерболат ӘМІРЕ
4 Aug 2026, 15:33 UTC120 views6 reactionsread 7 August 2026 Әулие Мәшһүрдің “Ат пен есектің ақыры бір болса, мінездес болады” — дейтіні бар.
Төзе берсең сен де жаныңдағы адамның кебін киесің…
❤4💔2
Signed Ерболат ӘМІРЕ
4 Aug 2026, 15:27 UTC119 views5 reactionsread 7 August 2026 Мына көрші қырғызда: “Ошақтың үш бұтының біреуі құласа, қазандағы сүт төгіледі” — деген мақал бар.
Әке, ана, бала ғой. Сүт дегенің — ырыс. Төгілмесінші дейсің.
Бүгін бір әріптесіміздің сүті төгілді. Әйелі ұзақ аурудан ақыры бас көтермеді.
Бардық.
Жұбатар сөз айттық.
Жұбанар рай болмады.
Ризашылықтың табын көрсетті…
Өзімнің де жылағым келді содан…
💔5
Signed Ерболат ӘМІРЕ
4 Aug 2026, 14:43 UTC114 views6 reactionsread 7 August 2026 Өз жүрегімді құшақтадым.
Оған шекара қойдым.
Талаптарын айттым.
- Қатаюға болмайды…
- Қараюға болмайды…
- Сууға болмайды…
❤5💔1
Signed Ерболат ӘМІРЕ
4 Aug 2026, 14:38 UTC112 views6 reactionsread 7 August 2026 Руслан хабарласты.
Ұлы мектекпе барады екен.
Тоба, тоба…
Ол қара домалақтың тұсауын мен кескен күн кеше ғана сияқты ед.
❤6
Signed Ерболат ӘМІРЕ
4 Aug 2026, 14:29 UTC109 views5 reactionsread 7 August 2026 Екі рилс шығарғанда түсінгенім, комплекс деген жарықтық менде ұрып тұр екен.
❤5
Signed Ерболат ӘМІРЕ
3 Aug 2026, 13:27 UTC139 views4 reactionsread 7 August 2026 Кеткенде түпсіз тереңге,
Іздеймін ылғи Сені емге.
…Сене алмайды екем, Жарығым,
Сен ойламады дегенге.
Күн болып тұрып төбемде,
Айналасың ғой Өлеңге.
…Сене алмайды екем, Жарығым,
Сен сағынбайды дегенге.
Түңілу тән бе, тегі, ерге,
Сен бар болғанда сөнем бе?..
Сүйетін болсаң белгі бер,
Сүймесең бірақ бөгелме!..
Тамыз, 2026
❤4
Signed Ерболат ӘМІРЕ
3 Aug 2026, 08:08 UTC142 views5 reactionsread 7 August 2026 Video
Video, posted without a caption
🍓5
Signed Ерболат ӘМІРЕ
Showing the 12 most recent of 19 posts we hold for @ushkuun. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.