10 Jun 2026, 19:38 UTC6 views1 reactionsread 11 August 2026 Сағат түнгі 23:50
Аулада кейбір балалар түнге дейін ойнауды, жүруді шығарған. “Шығарған” дегендее, ол бала қайдан білсін, рұқсат беріп отырған ересек жандар ғой..
5-6 жасар бала жылап тұр. Әкесі: не істейін, дәретке отырғың келе ме, әлде бірдеңе жейсің бе? Не істейін енді, қызықсың, айтсай. Болды енді жылай бермей, жүр кеттік,- дейді.
Енді ғана төсегімнен тұрып, терезе жаққа қарай беттеп, айқайлап жібергім-ақ келді…
❤1
30 Apr 2026, 00:04 UTC11 viewsread 11 August 2026 Photo
Photo, posted without a caption
5 Apr 2026, 06:19 UTC14 viewsread 11 August 2026 Өзінің де бір кезде бала болғанын еш ұмытпайтын адам ғана нағыз мұғалім бола алады.
📚Василий Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы»
5 Apr 2026, 06:18 UTC13 viewsread 11 August 2026 Тіршілігіміз неден бастасақ ақылды арнаға тоғысады? – деді. Жүсіп: – Шынды білгісі келген адам әманда мына үш сұрақтың жауабын табуға тырыссын. Олар: Бұ пәниге қайдан кеп түстім? Мұнда не нәрсемен шұғылдансам екі тойым қабат, екі дүнием абат болмақ? Қандай іспен айналыссам айналама пайдалы боламын? Ең соңғысы: – Өлгеннен соң не боламын? Шыбын жаным қайда барып тұрақтайды? Міне, егер осы үш сұрақтың жауабын табуға шын…
5 Apr 2026, 06:18 UTC9 viewsread 11 August 2026 Өмір деген – ғажап дейді, түк те ғажап емес, əншейін осындай автобусқа мініп, белгілі бір аялдамада түсіп қалу, біреудің тойып секіруі, біреудің тоңып секіруі. Əлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой қажап ұйықтамайды; əлдекімдер ішігіне тас бүркеніп, уайымсыз тоқұйқыға басады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз –өзгенің бақытына қызығып өту ғана..
📚Оралхан Бөкей «Қасқыр ұлыған түнде»
5 Apr 2026, 06:15 UTC6 viewsread 11 August 2026 Адамды өсіретін де, құртатын да ой.
📚Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
5 Apr 2026, 06:14 UTC6 viewsread 11 August 2026 ... Бағана топырақ басында қоштасу-бақұл сөз айтқандары да, әлгінде ас дастарқанында сөйлегендердің де талайы «мәңгі бақи ұмытпаймыз» деп жатты. Соны айтқандар өздерінің қанша өмір сүретінін біле ме? Бір сағаттан соң, тіпті бір минуттан кейін алдында не күтіп тұрғанын сезбейді. Жер әлемде мәңгі жасайтын жан иесі бар ма? Бәрі уақытша, бәрі өтпелі. Бір күні туып, бір күні өлесің, үшінші күн жоқ. Ондай мүмкіндік берілме…
5 Apr 2026, 06:13 UTC6 viewsread 11 August 2026 Ақыл айтқан үлкен адамға жарасады... және жастар да үлкен адамдарды сол үшін жаратылған деп ойлайды... тек, бір әттегенайы: ақыл айтқан үлкен адамның ҮЛКЕНДІК таныта алмай жататындығы.
📚Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»
20 Mar 2026, 05:17 UTC10 viewsread 11 August 2026 “Айттық сізден болсын!”🙃
– Айт мейрамы құтты болсын!
– Ендеше айттық сізден болсын!
Балалардың айтқа келген
Қайда жүрсе жолы болсын!
Көп жасасын айттық берген,
Қоржындары толы болсын!
Айт күндері айттап жүруші едік. Кішкентай кезімізде таңертең кім бірінші тұрып, айттық сұрайды деп, таңның атуын күтіп, бірінші болуға асығушы едік😂 Сондай жылы естеліктер🥹 Ата-анамыз кәмпит беріп, үлкендер тәттіге деп тиын-тебен, ақш…
20 Mar 2026, 05:16 UTC10 viewsread 11 August 2026 Жұма қабыл болсын, Ораза айт құтты болсын!🤲🏻🥰
20 Mar 2026, 05:15 UTC9 viewsread 11 August 2026 Photo
Photo, posted without a caption
14 Mar 2026, 07:18 UTC11 viewsread 11 August 2026 Video
Қайырлы күн!☀️
Баршаңызға бүгінгі амал мерекесі, көрісу күні құтты болсын, бір жастарыңызбен!🥰🌷🌷🌷
Showing the 12 most recent of 17 posts we hold for @adam_bolsay. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.