25 Nov 2025, 16:33 UTC555 views10 reactionsread 7 August 2026 Forwarded from @negizdelgenjolPhoto
Лақап атымен аталып кеткен кей қазақ тұлғаларының шын есімдері
Сәкен Сейфуллин — шын есімі: Сәдуақас
Абай Құнанбайұлы — шын есімі: Ибраһим
Ыбырай Алтынсарин — шын есімі: Ибраһим
Шәкәрім Құдайбердіұлы — шын есімі: Шаһкәрім
Шәкен Айманов — шын есімі: Шаһкәрім
Сәмеке хан — шын есімі: Шаһмұхаммед
Шоқан Уәлиханов — шын есімі: Мұхаммедқанапия
Сегіз сері Шақшақов — шын есімі: Мұхаммедқанапия
Қаныш Сәтбаев — шын есі…
❤8👍1🔥1
25 Nov 2025, 16:33 UTC648 views16 reactionsread 7 August 2026 Forwarded from @negizdelgenjol
Досжан ишан — шын есімі: Досмұхаммед
Дос би — шын есімі: Досмұхаммед
Қарасақал Ерімбет — шын есімі: Ермұхаммед
Ералы хан — шын есімі: Ермұхаммедәли
Жалаңаяқ Әздер — шын есімі: Ер-Қалмұхаммед
Қалқай ишан — шын есімі: Қалмұхаммед
Құлболды ишан — шын есімі: Құлмұхаммед
Қосым қожа — шын есімі: Хошмұхаммед
Тұрсын хан — шын есімі: Тұрсынмұхаммед
Әйтеке би — шын есімі: Айтмұхаммед
Ақпан батыр — шын есімі: Хақмұхам…
❤12🔥4
1 Apr 2025, 15:02 UTC≈1,610 views19 reactionsread 7 August 2026 Photo
Сөз: Торқа
зат есім / сын есім
Ең қымбат жібек мата;
Жанға жайлы, сүйкімді; Жұмсақ
-
Дорогой шелк;
Мягкий, комфортный
Іштері Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, торқа жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген
📖 І.Есенберлин, Көшпенділер. Алмас қылыш
Той жасап, торқа төсеп шабылмаған,
Демек тойдың жабдығы табылмаған
Өмір дейтін өзгермес мекеменің
Алдында әже…
👍17❤2
7 Jan 2025, 14:10 UTC≈1,730 views22 reactionsread 7 August 2026 💣
Сіздерге жаңалық: Сөзділ ойынында енді 5 әріп емес, 6 әріп жасырын
Ойнау үшін https://wordle.kz/
Жаңалықты сіздерге дайындап, кодын жазған (@daniyar) Данияр Мұханов
🔥17🤔3❤2
24 Jan 2024, 12:01 UTC≈3,100 views22 reactionsread 7 August 2026 Сөз: Ерек
үстеу
Өзгеше, бөлекше, дара.
-
Исключительный, особый
Салақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез,
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек.
📖 Абай, Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп.
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
📖 Шәкәрім, Адамшылық
Биылғы Май бір бөлек,
Далаға шыққан.
Бақтарда өнген гүл де ерек.
📖 М.Мақатаев, Мәңгілік жастық
Адамға бүгін ба…
❤15👍7
18 Mar 2023, 12:01 UTC≈3,180 views7 reactionsread 7 August 2026 Photo
Сөз: Сарымақ/Шөнжік
зат есім
Жолбарыстың күшігі
-
Тигренок
Саптаяқтай еріндім, сарымақтай азулым
📖 Бұқар жырау шығармасынан
Алдырған сарымағын өлекшіндей, азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға.
📖 Біржан мен Сараның айтысы
Шөнжіктер ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз созғылауға кіріскен.
📖 М.Мағауин, Шақан шері
Белгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына ба…
👍6👎1
15 Jan 2023, 11:14 UTC≈2,730 views36 reactionsread 7 August 2026 Photo
Көп атала бермейтін түс, реңк атаулары мен соған қатысты сөздер
Бұл жазбада түстердің өзінен гөрі, түстерді атауға көмектесетін сөздер қамтылған.
Бөлісіп, пікір алмаса отырыңыздар.
👍22❤9🔥2🤯2👎1
8 Jan 2023, 12:45 UTC≈2,240 views12 reactionsread 7 August 2026 Photo
Сөз: Лазым (ләзім)
модаль сөз
Жөн, дұрыс, абзал.
-
Лучше, вернее, необходимо.
Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең,
Өмірде көрген жақсылық,
Ұйықтап өткен түспен тең,
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең.
📖 Шал ақын, Бұл дүниенің мысалы
Әуелден көңілімді бердім саған,
Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ,
Жігітке лазым еді іздеп бармақ.
📖 Ақан сері өлеңінен
Оған жауап қайтармау үш…
❤9👍1👎1🔥1
23 Dec 2022, 06:00 UTC≈1,660 views26 reactionsread 7 August 2026 Photo
Көп атала бермейтін гүлдер атауы
Осы жазбада аталған гүлдер: Сәлдегүл, таушымылдық (пион); Бақытгүл (хризантема); Қалампыр (гвоздика); Құртқашаш (ирис); Баршынгүл (гладиолус).
👍22❤3👎1
20 Nov 2022, 12:01 UTC≈2,140 views16 reactionsread 7 August 2026 Photo
Сөз: Қомсыну
етістік
Азсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау.
-
Считать недостаточным, пренебрегать, не одобрять.
Қарайды да алтынға,
Қомсынады "аз ғой",— деп,
"Қыстау керек, үй керек,
Сән-салтанат, расход көп.
📖 Абай, Жарлы бай (Крыловтан)
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым!
📖 А.Байтұрсынұлы, Замандастарыма
Нәрсем …
❤10👍4👎1🔥1
13 Nov 2022, 07:30 UTC≈1,610 views6 reactionsread 7 August 2026 Photo
Сөз: Жалқын
зат есім
Алаулаған жалын
-
Пламя
Бұған тиген су перінің салқыны,
Салқыны емес, бейне оттың жалқыны
Қол-аяғын от ішінде қалқиды.
Бойыңды улап, басылған екен қарқыны
📖 Ж.Аймауытов, Қара бақсы
Ашық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр.
📖 Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ
Алаулаған, алқызыл жарық.
Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де.
Жалқын сәуле шашып еді батқан күн,
Жас баладай, мәз-мей…
👍5👎1
Showing the 11 most recent of 11 posts we hold for @qazsoz. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.