11 Aug 2026, 18:22 UTC48 views12 reactionsread 12 August 2026 Аллаһтың қалауымен, Бағлан ұстазымыздың Павлодарға сапары сәтті өтіп, оқырмандарымен керемет кездесу болды.
Ұстазымызбен екі күн бойы бірге жүріп, көптеген керемет насихаттарын тыңдап, өзімізге мол пайда алдық.
Ұстаздың мына бір сөзі ерекше ой салды:
«Негізінде, Әбу Ханифаны көтерген — шәкірттері. Әбу Ханифаның үлкен ғалым болғанына еш күмән жоқ. Онымен қоса, шәкірттерінің де үлесі зор».
Содан шыққан ой:
Қазір біз…
❤8👏2🔥2
5 Aug 2026, 17:25 UTC117 views15 reactionsread 12 August 2026 لو يعلم أحدكم حقيقة جهنّم؛ لصرخ منها حتى ينقطع صوته، ولصلّى حتى
ينكسر صلبه
عمرو بن العاص (رضي الله عنه)
Егер сендердің біреуің тозақтың шынайы болмысын толық білсе, қорқыныштан дауысы үзілгенше айқайлар еді, әрі белі сынғанша намаз оқыр еді.
Амр ибн Ас (Аллаһ разы болсын)
❤12😢2👍1
3 Aug 2026, 19:48 UTC639 views17 reactionsread 12 August 2026 Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап шатасың.
Тозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.
Сауап көп ғибадатта десең де,
Жалығып, жалқауланып жатасың.
Алланың адал ризығын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
❤10😢4👏2🔥1
1 Aug 2026, 09:17 UTC185 views10 reactionsread 12 August 2026 Бағлан ұстазымыз Павлодарға келеді.
Павлодар өңіріне осындай білімді ұстаздардың келіп, халыққа насихат айтып, ілім таратып жүргені көңілге қуаныш сыйлайды.
Осындай қадірлі ұстаздардың жамағатымызбен жүздесуіне үлес қосып жүргенімізге Аллаһқа шүкірлер болсын. Мұндай игі істердің көбейіп, өңірімізде ілім мәжілістері үзілмей жалғаса беруін Аллаһ нәсіп етсін.
❤9🔥1
1 Aug 2026, 09:10 UTC167 views5 reactionsread 12 August 2026 Photo
Photo, posted without a caption
🔥4❤1
30 Jul 2026, 16:48 UTC168 views18 reactionsread 12 August 2026 Ұстаздарымыздың насихаты:
Бір жаңа нәрсені білсең, оны басқаға үйретіп, өзің де шыңдаласың. Басқа адамға жеңіл түсіндіру үшін өзің де сол мәселеге тереңірек үңіліп қарайсың.
Соңында өзің де оны жақсы түсінесің, әрі басқаға түсіндіріп, сауабын да аласың Ин Шаа Аллаһ.
❤8👍7🔥2🤩1
26 Jul 2026, 19:25 UTC287 views16 reactionsread 12 August 2026 Имам Шафиғиге رحمه الله телінетін бұл өлең жолдарында оның ұстазы Уәкиғ ибн әл-Жаррахпен болған насихатты әңгімесі керемет баяндалады. Имам Шафиғи رحمه الله есте сақтау қабілетінің әлсірегенін ұстазына айтып шағымданғанда, ұстазы оған күнәлардан арылуды насихат етеді.
Бұл қысқа ғана өлең жолдарының астарында үлкен ғибрат жатыр: ілім — Алланың берген нұры, ал күнә сол нұрға кедергі болады. Сондықтан ілім іздеген адам…
❤11🕊4👍1
25 Jul 2026, 17:37 UTC568 views35 reactionsread 12 August 2026 Нұр-Мүбәракты сағынып кеттік қой…
Ұстаздарды, дәрістерді, бауырларды, мешітті, тіпті дәрістен дәріске жүгіріп жүретін қарбалас күндердің өзін сағындық.
Бір кездері шаршатып жүрген сол күндер қазір асыға күтетін сәтке айналды.
Бұйырса, қайта қауышуға небәрі 37 күн қалыпты.
❤20😍7❤🔥2🕊2⚡1💔1🔥1😁1
19 Jul 2026, 23:18 UTC291 views17 reactionsread 12 August 2026 Өте керемет насихаттар жинағы.
Қарындастарыма ұсынбас бұрын, бірінші өзім оқып шығуды жөн көрдім.
Осындай қиын заманда артымыздан еріп келе жатқан қарындас-қыздарымызды жамандықтан сақтау — біздің міндетіміз.
Аллаһ Тағала осы еңбекті жазған шейхымыз Али ат-Тантауи «رحمه الله» және осы еңбекті аударуға, таратуға үлес қосқандарға разы болсын.
❤14🕊2🔥1
19 Jul 2026, 23:16 UTC215 views10 reactionsread 12 August 2026 Forwarded from @yasssinaFile
«Әй, қызым!» Шейх Али Ат-Тантауидің (рахимаһуллаһ) барша нәзік жанға арнаған жанашырлық насихаты.
❤8🔥1🕊1
15 Jul 2026, 17:47 UTC442 views23 reactionsread 12 August 2026 Photo
Өзіңді салихалымын деп ойлама.
Сен тек Аллаһ айыптарын жасырып тұрған пендесісің.
❤17😢3💔2🕊1
12 Jul 2026, 18:35 UTC297 views15 reactionsread 12 August 2026 Аллаһпен байланыс үзілмейді деп ешкім кепілдік бере алмайды. Кейде ұзақ уақыт көріспеген адамның қаншалықты өзгергенін көріп таң қаласың. Бір кезде Құран оқып, мешіттен шықпай жүрген бауырыңның бүгін намазды да тастап кеткенін көру жүрекке қатты батады.
Мұның бір үлкен себебі – бір орында тұрып қалу.
Ол қалай?
Адам рухани дамуын тоқтатады. Білетін 3–4 сүресімен шектеледі, жаңа ілім алмайды, Құранмен байланысын күшей…
❤10🔥3🕊2
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @olzhasqazbekk. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.