18 Aug 2025, 04:21 UTC311 views1 reactionsread 9 August 2026 Photo
18 тамыз – ел тыныштығы үшін күні-түні қызметте тұрған Шекарашылар күні.
Ресми түрде бұл мереке 2012 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді.
Шекарашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз!
❤1
18 Aug 2025, 04:21 UTC275 viewsread 9 August 2026 Photo
❗️2 адам қаза тапты: Ақмола облысында жеке әуе ұшағы апатқа ұшырады
Оқыс оқиға Целиноград ауданына қарасты Арайлым ауылының маңында болған. Екі адам қайтыс болды.
Қаза тапқандар – ұшқыш пен жолаушы. Апаттың себептері анықталуда.
UP-LA-229 жеке жеңіл әуе ұшағының апатына байланысты Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады — деп хабарлайды көл…
18 Aug 2025, 04:21 UTC206 viewsread 9 August 2026 Video
Шымкент таң қалдырудан жалықпайды! Әл - Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков ацданға қарасты шағын аудандар мен тұрғын алабтарды жылқымен аралап шықты. Халықтың мәселесін тыңдады. Айта кетсек, Маратбек Мықтыбеков аудан әкімі қызметіне келгеніне үш айға жуықтаған.
18 Aug 2025, 04:21 UTC241 viewsread 9 August 2026 Photo
Алматы облысында тұрғын жүгері алқабының арасына есірткі өсірген
Еңбекшіқазақ ауданында 36 жастағы тұрғын жүгерінің арасына 233 түп қарасора өсірген.
Сондай-ақ марихуана тұқымы салынған 58 пробирка тәркіленді.
15 Aug 2025, 05:59 UTC179 viewsread 9 August 2026 Video
Video, posted without a caption
15 Aug 2025, 05:56 UTC154 viewsread 9 August 2026 Video
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр
Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналады.
1 Jun 2025, 04:22 UTC217 viewsread 9 August 2026 Photo
Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Президент әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жазба жариялады.
«Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!»– делінген…
31 May 2025, 16:57 UTC175 viewsread 9 August 2026 Video
Шымкентте ҰОС ардагері Нина Мосунова қайтыс болды. Мегаполисте енді көзі тірі бір ғана ҰОС ардагері қалды. Қайғылы қазаға орай қала әкімі көңіл айту жазбасын жариялады.
“Қала әкімдігі атынан және жеке өз атымнан Ұлы Отан соғысының ардагері, ерлікке толы тағдыры мен кең жүрегі бар абзал жан — Нина Егоровна Мосунованың отбасы мен жақындарына шын ниетпен қайғыра көңіл айтамын.
Нина Егоровнаның өмір жолы – табандылықтың…
31 May 2025, 16:56 UTC151 viewsread 9 August 2026 Video
2025 жылғы 31 мамыр сағат 15:24-те Шымкент қаласы Тұран ауданы Рысқұлов көшесі мен Өтегенов көшесінің қиылысында орналасқан «Grand Holiday HALL» тойханасының жертөлесінде өрт оқиғасы тіркелді. Өрт аумағы шамамен 25 шаршы метрді құрап, қағаз картондары мен жеңіл автокөліктің 2 доңғалағы жанған.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде тілсіз жау сағат 15:43-те оқшауланып, 16:00-де толық сөндірілді. Оқиға салд…
31 May 2025, 16:55 UTC184 viewsread 9 August 2026 Photo
Шымкент қаласындағы орталық көшелердің бірінде орналасқан жарықдиодты экрандардың бірінде мазмұны тұрғысынан әдепке жат келетін жазбаның рұқсатсыз орналастырылғаны анықталды. Оқиғаға қатысты бейнематериалдар мен суреттер әлеуметтік желілерде тарап кетті.
🔷 Қазіргі уақытта экран өшірілді. Цифрлық тасымалдағыштың техникалық қауіпсіздігі мен мазмұнына жауапкершілік құрылғы иесіне жүктеледі. Экранды пайдалану ережелерін…
10 May 2025, 06:53 UTC151 viewsread 9 August 2026 https://youtu.be/3x9UzkkGWe0?si=8uaWptMDKWLtMCrS
27 Apr 2025, 15:51 UTC162 viewsread 9 August 2026 Video
❗️Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде өрт шықты
Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырымда Бақты орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен тоғайлар өртенді.
Өрт оқшауланып, елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Showing the 12 most recent of 14 posts we hold for @uaqyt_tv. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.