2 Mar 2026, 12:26 UTC≈1,090 views21 reactionsread 8 August 2026 Photo
Сеск баптайтын секс клуб – "Комо" феномені
Суы тамыздың таңғы шығындай мөлдір Комо деген өзен бар. Сол мекенде өзенмен аттас қала – қаламен үндес футбол клубы бар. Оны біз де бертінде білдік.
Сол "Комо" былтыр ғана А Сериясына аяқ артқан еді, биыл грандтармен үзеңді соғыстырып келеді. Ай санап емес – күн санап өскен, алты күнде күліп – алпыс күнде жүріп кеткен "Комо" қатарынан ерте есейіп, алысқанын алып ұратын, кү…
🔥15❤3⚡1👏1🫡1
27 Feb 2026, 11:21 UTC260 views9 reactionsread 8 August 2026 Photo
Басқасын білмеймін, бірақ "Будё-Глимт" ширек финалға шығатын сияқты)
🏆9
2 Feb 2026, 09:53 UTC368 views5 reactionsread 8 August 2026 Photo
Теннис – тенденция
Корттар сол күйі, бірақ доп тез ұшатын болды. Ракетка жеңілдеді: бұрынғылар салмағы 360 грамм ракеткамен ойнаса (Чилич пен Джокович әлі "ауырлау" ракеткамен ойнайды), қазіргілер 310 грамдық ракетка ұстайды. Әрбірінің өз артықшылығы бар: ауырлауы – тұрақты соққы үшін, жеңілірегі – доппен манипуляция жасауға оңай. Қазіргі корттар шапшаңдыққа негізделген, сол үшін жеңілірек ракетка тиімдірек.
Әдетте…
👏5
13 Jan 2026, 06:43 UTC372 views21 reactionsread 8 August 2026 Photo
Алонсоның отставкасы жайлы
Хаби Алонсо – карьерасын беріде бастаған жас бапкер. Амбициясы асқақ, идеяға бай менеджер. Бірақ әлі "Реал" клубын баптауға дайын емес. "Реал" деген "Байер" емес. Уақыт бермейді, ырқыңа көнбейді. Абырой мен харизмаң, қолыңда мызғымас билік пен құзырет болмаса, футболшылар да сенбейді.
"Реал" басшылығы Хаби Алонсоны шақырғанда тәуекелге барды. "Реал" бір идеяға, нақты тактикаға, ойын филос…
❤17👍4
8 Jan 2026, 04:39 UTC307 viewsread 8 August 2026 Poll
Биыл Англия чемпионы кім болады сонымен?
- Арсенал77%
- Сити11%
- Астон Вилла5%
- Ливерпуль7%
Shares as published. No per-option vote count is published by Telegram, so none is shown.
15 Dec 2025, 13:16 UTC412 views16 reactionsread 8 August 2026 Слот – Салах "соғысы" немен бітеді?
2015 жылы "Челси" Англия чемпионы болып, келесі маусымда турнирде 10-орын алды. 2023 жылы Италия чемпионы болған "Наполи" де дәл сондай күй кешті (олар да 10-орын).
Биыл "Ливерпуль" дәл сол дағдарысты басынан өткеріп отыр. Чемпион болу қиын – оны сақтап қалу одан да қиын.
Жалпы, "Ливерпуль" былтыр маусымды керемет бастағанымен, 2025 жылдың наурызынан бастап кері кете бастады.
Ақ…
❤9✍2👏2🔥2👍1
12 Dec 2025, 08:02 UTC306 views17 reactionsread 8 August 2026 Хаби Алонсо аут?
Хаби Алонсо "Хетафе", "Эльче", "Қайрат" сияқты клубтарды жеңу үшін бас бапкер болған жоқ. Маңызды матчтарды жығу – Еуропа мен Испаниядағы анық бәсекелестерін тізерлету үшін келді. Әзірге бұл қолынан келмей жатыр.
Жазда КЧМ турнирінде ПСЖ-дан оңбай ұшты (4-0), Мадрид дербиінде 5-2 есебімен ойсырай жеңілді. "Энфилд" стадионында 1-0 есебімен жеңілсе де, матч бойы "Ливерпуль" үстем болды. "Сити" келіп …
❤14👍3
14 Oct 2025, 09:36 UTC425 views21 reactionsread 8 August 2026 Photo
Энергия мен синергия қол ұстасқан ақылды футбол
Македония бар күшін Брюссельдегі матчқа салған. Ал Қазақстан сол уақытта Лихтенштейнге қарсы "жолдастық матч" өткізді.
Кеше соның пайдасын көрдік. Біздің құрам ә дегеннен прессингке кірісті. Іштей уайымдадым. 60-минутта зорығып, тілі салақтап, екі көзі жалақтап қала ма деп. Жо-жоқ.
Қос қапталдағы Бағдат Қайыров пен Ян Вороговскийге респект. Концентрация жоғалтпады, т…
👍15❤6
1 Oct 2025, 06:35 UTC403 views22 reactionsread 8 August 2026 Матч өтті. "Қайрат" жеңілді. Бірақ көпшіліктің арманын орындап, Алматыға футбол гигантын әкелді. Ол да жеңіс.
Мәселе жеңілуде емес, мәселе жыл сайын "Реал" сияқты клубтардың Алматыға келуінде. Жыл сайын ЛЧ турнирінде ойнау – мәртебелі турнирдің тұрақты резидентіне айналу. Сонда Алматыға "Барселона", "Бавария", "Ливерпуль", "ПСЖ" сияқты командалар кезектесіп келіп отырады.
Кеше "Қайрат" клубы "Сити", "Бавария", "ПСЖ…
👍22
18 Jun 2025, 09:12 UTC565 views7 reactionsread 8 August 2026 ФИФА мен УЕФА тартысы. КӘЧ – жолбике турнир!
ФИФА жарты ғасыр бұрын құрылғанымен, бүгінде УЕФА футболдағы ең ықпалды ұйымға айналды. Неге? Өйткені Еуропа футболы анық монополист. Чемпиондар лигасы мен EURO сияқты турнирлер футбол талисманына айналды. Ұлттар лигасы (құрама), Еуропа лигасы мен Конференция лигасының мойны қатайып, еңбегі бекіп, тәй-тәй басып келеді.
Ал, ФИФА тек Мундиальмен мақтанады. Оның өзі төрт жы…
👍5🔥2
9 Jun 2025, 09:10 UTC483 views12 reactionsread 8 August 2026 Photo
РГ финалы. Теннис "тірі". Жаңа дәуір
Кешегі РГ финалы – тұнған эмоция. Синнер – Алькарас жұбы финалда ойнайтынын іштей сездік. Теннистегі жаңа дәуір кеше басталғандай.
Теннис бір жасап қалды. Рейтингтегі нөмір 1-ші, 2-ші ракеткалар біраз ойран салды.
Федерер зейнетке шықты. Надаль да ракеткасын шегеге ілді. Джока 2023 жылдан бері ТБШ жеңіп көрген жоқ.
ТБШ аясында соңғы 8 трофейдің 7-ін Синнер (3) мен Алькарас (4)…
🔥10👍2
Ұрын тоғыздық pinned «ПСЖ қалай зор командаға айналды? Дембеле дүлейге айналды. Хвича келе сала Наполиде жүргендей ойнап кетті. Барколья бабында. Дуэ дейтін талант шықты. Витинья – Руис – Невеш үштігі бірге қонып, бірге қыдыратындай ортада бір-бірін ымсыз түсінеді. Хакими мен…»
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @togyzdyq. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.