15 Jul 2026, 18:22 UTC261 views12 reactionsread 8 August 2026 Photo
ЕҰУ-ге арнау
Кетпейді ғой бойымды таламай мұң,
Шешімімді кейде өзім қаламаймын.
Не болсада қайырын берсін Алла,
Тағы бір жыл Шым қаланы паналаймын,
Келмейді шіркін жігерімді босқа малып,
Қалатындай ішкі намыс, көш қамалып.
Ойдағыдай болса бәрі келем саған,
Мәңгілік болам сосын «астаналық».
Солай екен өмір мына Есілім,
Толқыныңдай толқытады есімің.
Жанында мен тулай алмай жүрмін ғой,
Сол үшін де шын сұраймын кешірі…
❤10💔1🔥1
Signed Ердәулет
18 Jun 2026, 12:21 UTC831 views16 reactionsread 8 August 2026 ...
Түннің бүгін құбылмалы сарайы,
Жұлдызы бар, аспаны бар, бар айы.
Әй, бірақ та өзім сүйген айым жоқ,
Бір есімнен кетер емес арайы.
Қыс, жаз, күз, бүршік атқан көктемім-ай,
Сезіндің бе мендік сезім бөктерін-ай?
Қанша мына бөрі болып жаралсам да,
Мұңымды айтпаған ем көкке бұлай.
Есіңде ме, асқақ еді, тұнық болған арманымыз,
Қиялменен болашаққа барғанымыз?
Сол ойларым бір мезетте мертке айналды,
Жұлқылады, өлтір…
❤11🔥3🐳2
Signed Ердәулет
4 Apr 2026, 19:12 UTC≈1,020 views24 reactionsread 8 August 2026 Ұмыт мені дейсің бе ұмыт мені,
Жетелеп жүр жарық сәуле, үміт мені.
Қойшы болды кеткен адам десем тағы,
Түсімде жарқын бейнең күліп келді.
Күмән да бар, сол оймен сөне берем,
Кейде шіркін сол кезеңге сене берем.
Сен менен қанша мейлі жырақта бол,
Өміріңе періштең боп келе берем.
Бар күмәннің артында үмітте бар,
Сенгім келмей тұрады күдікке тар.
Көп емес аз қалды ораламын,
Менсіз шалқып өміріңді сүріпте қал.
❤22🖕2
Signed Ердәулет
22 Mar 2026, 11:34 UTC≈1,860 views23 reactionsread 8 August 2026 Іңкәр жаным, іңкәрім-ай, іңкәрім,
Өткен шаққа арнай берсін жұрт әнін.
Маған бәрі ынтазар боп тұрсада,
Сені күтіп айларымды құртамын.
Сен керексің, аяулысың мен үшін,
Теңеулерім таусылмайды сен үшін.
Махаббаттың майданында шіркін-ай,
Бір сенімен көрсем деймін жеңісін.
Болмыс бөлек сырларындай жұмбақтың,
Қадіріне жеткім келеді шын бақтың.
Қарғам саған шын жете алмай жүрмін-ау,
Бүкіл дүние асылынан қымбаттым.
Сенсің …
❤16🖕2❤🔥1👎1💋1💘1🥰1
Signed Ердәулет
17 Mar 2026, 17:41 UTC991 views22 reactionsread 8 August 2026 Сағыныш хаты
Жігітің де, ағаң да емеспін мен,
Содан болар жолдаспын дөңес мұңмен.
Өкінішті бірде бар, жоқ болатын,
Өміріңде жүрген жәй елеспін мен.
Саған ғашық адаммын, бірақ, жаным,
Арамызда жол жатыр, жырақ жаның.
Өзгелерге жәй ару болғаныңмен,
Өмірім де өзіңсің — шырақ жалын.
Түсімнен де кетпейсің, ойымнан да,
Еш аумайсың әсем гүл, мойылдан да.
Рас айтам: шын бақытты боламын мен,
Сен келіп, сенсіздік жойылғанда…
❤14❤🔥3💘2👍1👻1🖕1
Signed Ердәулет
16 Mar 2026, 21:48 UTC781 views18 reactionsread 8 August 2026 Forwarded from @ansarlarmen
Аллаһуммә иннәкә ‘афуввун тухиббуль-‘афуа фа‘фу ‘анни.
اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ العَفْوَ فَاعْفُ عَنِّي.
«Уа, Алла! Расында, Сен өте кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр.»
❤12👎3💘2🥰1
Signed Бағдат
16 Mar 2026, 21:01 UTC751 views16 reactionsread 8 August 2026 Қадірлім
Менің мына жарығым-ай, қадірлім,
Сен десе шіркін кернейді менде жәудір мұң.
Қадір түні еш ойымнан кетпейсің,
Содан да болар сен деп дұға жаудырдым.
Сен тұрасың жатсам да егер қол жайып,
Дұғамен әркез тілекші болып, болжайық.
Өмірді теңіз, ал мен қайық деп алсам,
Дұғамен шіркін жетсінші саған сол қайық.
❤11💘2🔥2🥰1
Signed Ердәулет
16 Mar 2026, 10:35 UTC694 views16 reactionsread 8 August 2026 Өткенге мына жүрмін ғой жаным шерлене,
Білмеймін, бірақ мұңайып жүрмін мен неге?
Я, Құдайым, маған бір белгі бергейсің,
Мен үшін мына қайырлы болған пенде ме?
Сені сүю жетелейтіндей бақытқа,
Шіркін-ай, десейші, өтпей де қойды уақытта.
Шыдамым менің, білмеймін, бірақ жете ме
Қалқатай-ау, біз келіскен уақытқа.
Тұрмын мен, жаным, осы сәт сені сағынып,
Жүргім де келмей, артыңнан қалмай жағынып.
Дұғамнан әркез табылып ж…
❤11💘2🔥2🥰1
Signed Ердәулет
5 Mar 2026, 14:18 UTC736 views10 reactionsread 8 August 2026 Forwarded from @karamysyq
Сезімдер қалды пана көрмеген.
Ескірген ойды жаңа жерлегем.
Жүрек те қалды көнерген күйі,
Ісіңе асса, ала бер дер ем!
Армандар қалды жаратылмаған.
Қиялдар қалды, санаға орнаған.
Ақша сұрасаң— бәрі бейшара,
Ақыл сұрасаң — бәрі ақылды адам.
Көңілім қалды, сен бе кінәлі?
Асуларым көп, мінбеген әлі.
Жұлдыздай ағып бара жатқандай,
Жылдарым жылжып, күнде-күн әрі.
Аспанда қалды көзі ағып барып...
Тамшы жас үзер, қозы бұлт…
❤8💘1🔥1
Signed Ердәулет
28 Feb 2026, 10:26 UTC808 views25 reactionsread 8 August 2026 Сен мені сағынбайсың, сағынбайсың,
Өмірімнен өртеніп, жалындайсың.
Қанша мына алыстап кетсең дағы,
Мендегі кірбің түстен табылғайсың.
Сен мені ойламайсың ерке бағым,
Жаныңның жарқын етіп шертем әнін.
Мен оралам өміріңе бағың болып,
Аяқтағым келмеген соң ерте бәрін.
Көңілімде бақытты сәт көп атпауда,
Құдай сені ойларымнан жоғалтпауда.
Махаббатта, сағынышта білесің бе?
Орасан күш керегін жоғалтпауға.
❤15💘2🥰2⚡1❤🔥1👍1👏1💋1
Signed Ердәулет
26 Feb 2026, 01:30 UTC832 views21 reactionsread 8 August 2026 Білмеймін мен, өзіңді ойлай берем,
Содан болар, ғашықтыққа бойлай денем.
Қанша мына «кет, қой» десең дағы,
Жын соққан мақұлықтай қоймай келем.
Білмеймін, бір өзіңе аңсармын мен,
Қызықсың, аумайсың сен барша гүлден.
Содан, бәлкім, сені ойлап кірпік қақпай,
Бір өзіңді тіледім қанша түннен.
Сені ойласам, уақыт өтер баяулатып,
Сен кетпеші жанымды қаяулатып.
Сенің мөлдір даусың естілгенде,
Кезіп жүрер жанымда таяу бақыт…
❤11🔥2🤩2⚡1❤🔥1👍1👏1💘1
Signed Ердәулет
20 Feb 2026, 23:45 UTC786 views15 reactionsread 8 August 2026 Менің мұңым — ол менің әлсіздігім,
Өмірім көрсетуде мәнсіздігін.
Жалындап өртенетін кезімде мен,
Ұғындырды тұла бойым жансыздығын.
Мен кейде өзіме өкпелеймін,
Ішім ашып, көз жасымды төкпелеймін.
Өмірімді бақ санап жүргеніммен,
Әттең дейтін сәттерім көп пе деймін.
Жаным-ай, сергелдеңмен жасаураған,
Ешбір бақыт оның орнын баса алмаған.
Мұң дейтін абақтыда жүргендеймін,
Тордан ытқып ешқалай қаша алмаған.
❤12🤔2🕊1
Signed Ердәулет
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @syr1asym. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.