13 Jan 2025, 12:14 UTC663 views2 reactionsread 29 August 2026 Photo
🔥 HERE WE GO
🏴 Дониэлл Мален – мансабын «Астон Виллада» жалғастырады
💰 «Боруссия Д» 25 жастағы шабуылшыны Бирмингемнің клубына 23млн + 3млн (бонустар) сатуға келісіпті.
🤝 «Астон Вилла» бұған дейін футболшының өзімен жекешарттарды реттеп алған екен.
❤2
Signed Arqalyq Arqalyq
13 Jan 2025, 07:55 UTC550 views0 reactionsread 29 August 2026 Photo
Англия кубогы 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі өтті
🏴 1/32 финалдың қалған төрт матчы ертең аяқталады.
📆 Ал 1/16 финал ойындары 8-9 ақпанға жоспарланған.
🏴 Өткен маусымда «Манчестер Юнайтед» чемпион атанған еді.
Signed Arqalyq Arqalyq
13 Jan 2025, 07:55 UTC400 views1 reactionsread 29 August 2026 Photo
Лука Модрич «Барселонаға» қарсы ойын туралы бүй дейді
«Басты қарсыласың екі матчта тоғыз гол соқса, әрине, жағымсыз. Мұндай ойын болады деп ойламадық. Қазір бір жұдырықтай жұмылып, ары қарай еңбектену керек. Осы маусымда қуанарлық дүние көп болатынына сенімдімін.
Футбол заңы осындай. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бұл жолы біз есе жібердік. Әрине, жеңілген жаман. Бірақ бір финалда жеңілуді таңдау керек болса, Супе…
👍1
Signed Arqalyq Arqalyq
12 Jan 2025, 13:08 UTC262 views2 reactionsread 29 August 2026 Photo
🚀 🔥 «Реал» - «Барселона» арасындағы соңғы бес ресми кездесудің нәтижесі:
🏆 «Реал» 0-4 «Барселона»
🏆 «Реал» 3-2 «Барселона»
🇪🇸 «Реал» 4-1 «Барселона»
🏆 «Барселона» 1-2 «Реал»
🇪🇸 «Барселона» 0-4 «Реал»
🔥 Бүгін Испания Суперкубогының финалы аясында кезекті Эль-класико (00:00) өтеді. Матчты Sport+ Qazaqstan тікелей эфирде көрсетеді.
Кім жеңіске жетеді?
🔥2
Signed Arqalyq Arqalyq
12 Jan 2025, 10:36 UTC188 viewsread 29 August 2026 Photo
«Милан» Кайл Уокерді қатарына қосуы мүмкін
🇮🇹 «Россонери» «Ситиден» кеткісі келетінін айтқан бойда Уокердің трансфері бойынша алғашқы келіссөзге кірісіп кетіпті.
✅ Егер «Сити» қорғаушының еркін агент статусында кетуіне мүмкіндік берсе, «қызылдар» Уокерге ресми ұсыныс жасамақ.
Signed Arqalyq Arqalyq
12 Jan 2025, 10:36 UTC160 views3 reactionsread 29 August 2026 Photo
Хамес Родригес Еуропадан кетеді
🇲🇽 Жартылай қорғаушы мансабын Мексика чемпионатында жалғастырмақ.
🇲🇽 Қазір «Леон» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр екен. CIIA Sports хабарлауынша қос тарап ауызша келісімге келіп қойыпты. Келісімшарт 1+1 жүйесі бойынша жасалады.
❌ Колумбиялық футболшы жақында «Райо Вальеканомен» келісімшартын уақытынан бұрын бұзады деп күтілуде.
🤯2❤1
Signed Arqalyq Arqalyq
10 Jan 2025, 13:00 UTC135 views1 reactionsread 29 August 2026 Photo
😋 Ресми: Александр Заруцкий – «Қайрат» сапына ауысты
✍️ «Сары-қаралар» 31 жастағы голкипермен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
👕 Александр соңғы төрт маусым «Астана» жейдесінде өнер көрсетті.
👋 Ал өткен айда келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты елордалық клубпен қош айтысты.
❤1
Signed Aaaaa Kkkkk
10 Jan 2025, 12:58 UTC117 viewsread 29 August 2026 Photo
Александр Исак – АПЛ-нің желтоқсан айындағы үздік ойыншысы
🏴 «Ньюкасл» шабуылшысы өткен айда алты матчта 8 гол соғып, 2 ассист жасады.
📊 Дауыс беру қорытындысы бойынша Мұхамед Салах, Трент Александр-Арнольд, Морган Гиббс-Уайт, Дин Хейзен, Джакоб Мерфи, Антони Робинсон және Коул Палмерді басып озды.
Signed Aaaaa Kkkkk
10 Jan 2025, 12:57 UTC109 viewsread 29 August 2026 Photo
Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын
🔥 Өзбекстандық жас футболшының «Ланс» клубынан Англияның атақты «Манчестер Сити» командасына өтуі соңғы кезеңде тұр. Бас бапкер Пеп Гвардиола трансферге өз рұқсатын берді.
🏥 Қазіргі таңда футболшы мен клуб арасында жеке келісімшарттың барлық талаптары мақұлданған. Енді тек медициналық тексерістен өтіп, «Ланс» тарапынан ресми рұқсат алу ғана қалды.
🔜Егер бұл ауысым…
Signed Aaaaa Kkkkk
8 Jan 2025, 15:04 UTC136 views1 reactionsread 29 August 2026 Photo
😍 Бүгін Испания Суперкубогының алғашқы финалисті белгілі болады
00:00. 🇪🇸 «Атлетик» - «Барселона» 🇪🇸
📺 Sport + Qazaqstan
Кім финалға жолдама алады?
Барселона 🔥
Атлетик ⚡️
👍1
Signed Aaaaa Kkkkk
8 Jan 2025, 15:03 UTC106 viewsread 29 August 2026 Photo
🇪🇸 Испания кубогы 1/8 финалының жеребесі тартылды
📆 Матчтар 14-16 қаңтар аралығында өтеді.
Кімдер келесі кезеңге өтер екен?
Signed Aaaaa Kkkkk
8 Jan 2025, 15:03 UTC98 viewsread 29 August 2026 Photo
«Ман Сити» Абдуқодир Хусанов үшін 30млн фунттан жоғары төлеуге дайын
🏴 «Қалалықтар» өзбекстандық қорғаушының трансфері бойынша белсенді әрекет етуде.
🔥 Қазір «көктер» Абдуқодирға көз тігіп отырған өзге АПЛ клубтарын басып озып тұр. Тіпті «Ланс» талап етіп отырған 30млн фунттан жоғары қаржыны төлеуге дайын.
🗞️ Ben Jacobs
Signed Aaaaa Kkkkk
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @shymyrSPORT. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.