7 Aug 2026, 17:03 UTC40 views8 reactionsread 8 August 2026 Көп дүниені бұрынғыдай тікесінен осып-осып айтып, бетке басып тастайын деймін де: “қойшы, сенің сөзің ешкімге керек емес, сен айтпасаң да өздері-ақ біліп тұр, болмаса, айтып жатқандар да жетеді” деп іштен тынатын жасқа жетіппін 🌚
“Айтуын айтып алып, тым қатты кеттім бе деп бір өкініп, ести тұра, біле тұра, тыңдамады” деп бір күйінгенше, өз ақылың өзіңе деп басылатын болыппын 🌚
😁6❤1🔥1
Signed Muzakkira
31 Jul 2026, 18:55 UTC124 views9 reactionsread 8 August 2026 Photo
Біз көбіне Айдың сұлулығына тамсанып, ұзақ қараймыз. Ал Күнге онша мән бере бермейміз. Бірақ бір нәрсені жиі ұмытып кетеміз: Күннің нұры болмаса, Айдың өзі де бізге көрінбес еді.
Кейбір жарықтың қадірі өзі көрінгенінде емес, өзгеге сәуле сыйлағанында…
❤8🔥1
Signed Muzakkira
26 Jul 2026, 13:17 UTC178 views17 reactionsread 8 August 2026 Біз, әйел кісілер әурет екенін ұмытып, үйде тірлік істеп жүріп ашылып кететін, сыртта жүргенде де қатты мән бере бермейтін жер бар. Ол – білегіміз. Кейде білек түріп тастап іс жасап жүріп, бөгде адамның барын да ұмытып кетіп жатамыз. Болмаса, киіміміздің жеңі кең болып, қолымызды қозғаған сайын, тіпті кейде намазда ашылып кетіп жатады.
Осы бір нәзік тұсты ескеріп, нарукавник киіп, жауып жүрейікші (алдымен өзіме ескер…
❤16🔥1
Signed Muzakkira
26 Jul 2026, 07:57 UTC170 views12 reactionsread 8 August 2026 - “Қабақ жасатты, қас жасатты, ернін ісіртті. Өзін жақсы көреді қатты. Вот өзіңді қалай жақсы көру керек!
- Жоооқ, ол өзін жақсы көру емес. Өзін жақсы көрген адам өзіне олай жасамайды. Себебі, ақыретте сұрауы қатты болады. Алланың бергенін өзгерткені үшін…
❤11🔥1
Signed Muzakkira
9 Jul 2026, 11:31 UTC275 views11 reactionsread 8 August 2026 Сенім сөгілгенде, күмән тігіледі…
🔥9❤2
Signed Muzakkira
6 Jul 2026, 16:41 UTC303 views16 reactionsread 8 August 2026 Өзгенің амандығыңды сұраған, тыныштығыңды сұраған, саулығыңды сұраған, дүние мен ақыретіңе уайымдап сұраған дұғасында болғаның бақыт қой!
Бірақ, өзің байқамай, кейде өзіңнен араша сұраған, пана сұраған, әділдік сұраған, алыстатуды сұраған, дүние мен ақыретте ақысын сұраған дұғасына айналып кетпе!
Адам – Алладан қалағанын сұрап дұға ете алады. Сен – сол дұғалардың ең әдемісінде, ең көркемінде, ең шынайысында, жүрект…
❤15👏1
Signed Muzakkira
6 Jul 2026, 14:59 UTC242 views17 reactionsread 8 August 2026 Шынында, өзгенің саған жасап жүрген барлық дұғасын да, сенің жасырын өзге бауырыңа жасап жүрген дұғаңды да, Алла Білуші!
❤16😢1
Signed Muzakkira
6 Jul 2026, 14:59 UTC224 views13 reactionsread 8 August 2026 Сенің ұйқыңнан аман тұрып жүргенің, өзгелердің Алладан үздіксіз сен үшін сұрап жүрген дұғасы болар. Бір бәледен аман қалғаның да, деніңнің саулығы да, ризығыңның болғаны да, сенің емес, өзгенің сен үшін жасап, қабыл болған дұғасынан болар…
Осыны ойлап көрдің бе?
❤12🔥1
Signed Muzakkira
6 Jul 2026, 05:20 UTC218 views10 reactionsread 8 August 2026 Ақылды айтатындар көппіз, тыңдайтындар азбыз…
😢8❤2
Signed Muzakkira
5 Jul 2026, 16:50 UTC228 views12 reactionsread 8 August 2026 Сынақ келгенде “не үшін, неге мен” емес, “нені дұрыс істемедім” де.
“Бастарыңа түскен қандай да бір қиыншылық өз қолдарыңмен жасаған күнәларың себепті болады. Әрі Алла көбін жазаламай кешіріп жібереді»
«Шура» сүресі, 30-аят
❤10😢2
Signed Muzakkira
5 Jul 2026, 16:42 UTC190 views9 reactionsread 8 August 2026 Сені шорт сындыратын сынақпен емес, шығатын жолын Өзінен табатын сынақпен шамалы сынаған Раббың неткен Мейірімді, Кешірімді еді 🥺
❤8😢1
Signed Muzakkira
5 Jul 2026, 16:40 UTC177 views9 reactionsread 8 August 2026 Жәй ғана Раббың сені сағынған, дұғаларыңды сағынған, қол жайғаныңды сағынған, оңаша қалғаныңды сағынған, тәубеңе келгеніңді қалаған.
❤9
Signed Muzakkira
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @muzakkira_t. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.