9 Aug 2026, 01:08 UTC7 views1 reactionsread 11 August 2026 Ғылымның жаманы жоқ. Біздей сусағанға қай ғылым болса да, соңына түссе, алтын қазынадай. Азаматтық құралыңды мығым етіп берерлік оқу, тәрбие болса, ата-ана одан өзге қолқа салмайды, қарағым! Халқыңа басшы болар талап соңына түссең, офицер боп жүріп жетесің бе, инженер болып, адвокат оқуын оқып жетесің бе, бәрібір! Қай тұрғысына барсаң да, еліңнің мұңы мен мұқтажы мың батпан. Тек оқып өсе беруіңе саушылық қуатың ғана …
👍1
7 Aug 2026, 17:56 UTC8 views1 reactionsread 11 August 2026 Адамның адамшылығы істі қалай аяқтағанынан ғана көрінбейді. Қалай бастағанынан да танылады.
“Абай жолы” 3-том. М.Әуезов
❤1
6 Jul 2026, 09:07 UTC29 views2 reactionsread 11 August 2026 Жастықта адамға төсек те, үй де, тіпті дүние де тар екен. Ал егде тартып, зауал шағыңа бейімдеген сайын дүние кеңейе береді екен. Өзің болсаң, кішірейе беріп, айналаңда қуыс дүниені көп тауып, өзгеге босата бергісі келеді. Кінәң азайып, кешірімің көбейіп, суына бастайды екесің.
“Абай жолы” 2-том. М.Әуезов
❤2
2 Jul 2026, 05:56 UTC35 views1 reactionsread 11 August 2026 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - Бес қымбат
Ең әуелі керек нәрсе иман деген,
Ақырет істеріне инан деген.
«Құдай кешірер» дегенмен, іс бітпейді,
Иман шартын білмесе, есен деген.
Екінші керек нәрсе - ғақыл деген.
Ғақылсызда таупық жағы тақыр деген.
Аз іске ашуланып, дінін бұзар,
Иманын кәпірлікке сатар деген.
Үшінші қымбат нәрсе - сабыр деген,
Сабырлысы мұратын табар деген.
Әр істе сабырсыздың тәубе-зорлық,
Сабырсыздық басқа…
❤1
17 Jun 2026, 04:32 UTC32 views1 reactionsread 11 August 2026 Қазақ сөзінің көзге алдымен түсер бір ерекшелігі – астарлылығы. Ол қасиет қарсы жақтың да сол астарды қапысыз түсінуі себепті, тіпті де жеңілге түскен. «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» дегендей ұлттық ойлау жүйесінің соншалықты ұшқыр, бойындағы сөз қуатының соншалықты күшті, түйсіктің соншалықты сезімталдығын көрсетеді. Қазақтың классикалық әндерінің қай-қайсысын алсаңыз да жалаңаш мәтін жоқ. Сөздердің мәні ада…
👍1
17 Jun 2026, 04:30 UTC29 views1 reactionsread 11 August 2026 Сөз – ұғым. Ұғым танымды қалыптастырып, таным тұтас ойлау жүйесін түзеді. Сөзіне қарап отырып жеке адам ғана емес, бір ұлттың да ойлау жүйесіне үңіліп көруге болатын секілді. Қазақтың мақал-мәтел, қара өлеңі, қиссасы, жалпы ауыз әдебиеті ұлттық ойлау жүйесінің көрсеткіші іспетті.
“Дайағашшы” Ұ.Нұрғалымұлы
#дайағашшы@kitaptanuzikoi
👍1
16 Jun 2026, 05:14 UTC25 views1 reactionsread 11 August 2026 Біз қалай болғанда да өте көп жасаған халықпыз. Бұны адамгершілігіміздің жасына қарап білуге болады. Біздің гуманизміміз - көргенінде қисап жоқ гуманизм. Ол ұзаққа созылған тарихи тағдыр барысында біздің бабаларымыз қашанда адамшылық, мейірім, аяушылық жағында болыпты. Дүниені әлдене рет алақанымызға сиғызыппыз. Алайда, бойымызда, жүрегімізде қаулаған ар менен ұяттың, өжданның өрті, алақанымызға сыйып тұрған сол әлсі…
👍1
13 Jun 2026, 02:08 UTC28 viewsread 11 August 2026 Өзара қарым-қатынас, адам көңілін аялауда бір ғана көңіл айту дәстүрінің өзі қазақтың қойыны кісілік құпиясына толы таңғажайып әлемінің ерекше көрінісі дер едік. Оның да сегіз қыры, сексен сыры бар. Біреудің ішке түскен қайғысын шығарса, біреудің бүгілген белін жазып, түңілген түрін оңдайды. Біреуге қатты, біреуге тәтті айтылады. Бәрі қазанының жағдайына, кісісіне қарай ішкі биік парасатпен өлшенеді.
“Дайағашшы” Ұ.Н…
13 Jun 2026, 01:33 UTC28 viewsread 11 August 2026 Арасы кірпішпен бөлінбегенмен қазақтың киіз үйінде әркімнің орны, территориясы бар. Отағасы тура қазан жақ босағасының тұсындағы төрге отырады. Қонақ оң жақ босағаның тұсындағы төрге отырады. Ал қазан жақ территорияға бөтен қонақ өтпейді. Қазіргі уақыттың түсінігімен айтсақ, есіктен кірген қонақ бірден ас үйіне өтіп кеткендей әбестік ол. Тек үй иесін өзімсініп, алыстан аңсап келген жақыны, иә басқада жағдайда үй иесі…
10 Jun 2026, 13:32 UTC29 views1 reactionsread 11 August 2026 Атқанда оғы жетіп, айтқанда сөзі өтіп, қабірге кіргенше қадірі қашпайтын қариялар қайдан шығады? Қапысын тауып қадірлей білген, салт-дәстүрі саралы, ұл мен қызы саналы елден шығады.
“Дайағашшы” Ұ.Нұрғалымұлы
#Дайағашшы@kitaptanuzikoi
👍1
1 May 2026, 10:54 UTC63 views1 reactionsread 11 August 2026 Жан - Алланың аманаты, жазу - аруақтың аманаты. Алмаса - міндет артқаны, жазбасаң - қарызға батқаның. Орнымен жұмсалмаған тіршілікте мән жоқ.
“Мен” М.Мағауин
#МенМағауин@kitaptanuzikoi
❤1
5 Apr 2026, 15:40 UTC86 viewsread 11 August 2026 Адам асылы, өмір бойы көңіл деген көтерем тұғырды бас-көзге төпеп бақыт қуған сайын, одан соғұрлым алшақтай түсетін сияқты; бақыт қуған адамның тапқан бақытынан жоғалтқан бақыты көп болса керек. Бақыт… Адам байғұстың қиялы жеткен жердегі жақсы мен тәттіні бір бойына сыйғызған осы бір сөз қашан кісінің көңіліне шемен боп байланған сәтінен бастап, бастапқы мән-мағынасының бәрінен түгел айрылып, онсыз да кем қанағат, он…
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @kitaptanuzikoi. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.