8 Aug 2026, 07:41 UTC48 views3 reactionsread 10 August 2026 Жер бетіндегінің барлығы бұзылады, қирайды... Біз үшін қымбат заттар ақырындап жарамсыз күйге келеді. Жиһазды шаң басады, кезіндегі жап-жаңа көлік бір күні от алмай қалады. Көйлектер киіле-киіле тозады, аяқ киім де мүжіледі.
Жүрек - тәнімізде бір кездері сымдай тартылған, уақыт өте келе әбден жұқарған көктамырларды бойлай қанымызды баяу айналдыруға ғана шамасы келетін бір жапырақ етке айналады.
Алайда заттарды жөн…
❤3
7 Aug 2026, 10:27 UTC46 viewsread 10 August 2026 File
Мәшінеде тыңдаңдар)😉
6 Aug 2026, 14:11 UTC58 views2 reactionsread 10 August 2026 Біздің облыстық мәдениет басқармасы ақындарды керек кезінде қалай алып кететінін, керек емес кезде қалай лақтыра салатыны жайлы көлемді бір дүние жазып жариялағым кеп жүр)
❤1🤣1
5 Aug 2026, 19:50 UTC63 views1 reactionsread 10 August 2026 Бұрын өмірді тым күрделендіріп жіберетінмін. Өмір сүру де қиындай түсетін. Соңғы жылдары өмірді күрделендірмейтін болдым. «Өмір көзді ашып, жұмғандай қас-қағым сәтте өте шығады. Оны неге күрделендірем?» деген ойға келдім.
Рас, өмір кейде езіп жібереді, сындырып жібереді. Жаның шырқырап ауырғанда он екі мүшең сау екенін де ұмытасың, безіп кеткің келеді. Бірақ сен өзіңде өзің ғана барсың ғой. Жаныңның қаншалықты ауыры…
❤1
5 Aug 2026, 15:22 UTC62 viewsread 10 August 2026 Сенесің бе?.. Көөп болды...
Жыламадым...
Тұңғиықта тыншыған тұма жаным.
Тым биіктен үмітім құлағанын,
аспан арлы кеудемнің асқақтығын
оспадарлау біреудің сынағанын
бәрін көрдім...
бәрібір жыламадым.
Сенесің бе?.. Көп болды...
Сағынбадым...
Шашып-төгіп жанымның лағылдарын,
шағым қылып тауымның шағылғанын,
көп ішінен талдырып жанарымды,
біреуді іздеп бейуақ сабылмадым...
Сенесің бе?.. Көөп болды...
Адаспадым.
Күмәнме…
4 Aug 2026, 17:43 UTC58 viewsread 10 August 2026 File
... салыстырма ешкіммен💔
4 Aug 2026, 13:39 UTC60 views1 reactionsread 10 August 2026 ... Ал содан соң адамдардың өрекпіген көңілі басылады. Бір кездері жалындап тұрған жүректерін ескі шкафтың ең түбіндегі сөреге салады да, ештеңе болмағандай өмір сүре береді. Жұмысқа барады, дүкен аралайды, жазда теңізге саяхаттап шығады, ал қыста шырша безендіреді. Қарапайым ұсақ-түйек дүниелерге шаттанып, аса бақыттымыз деп ойлайды. Тек жан-дүниесінің ең тереңіндегі тек түнде ғана еміс-еміс естілетін баяу дауыс қан…
❤1
4 Aug 2026, 07:57 UTC59 views2 reactionsread 10 August 2026 Көз ілсем бір түсті жиі көремін. Бүгін де сол түсті көріп ояндым.
Үнемі автобусқа немесе пойызға асығып жүрем. Түбінде бәрібір кешігіп қаламын. Кейде мініп тұрып үйде ұмытып кеткен затым есіме түседі. Соны алып келуге түсем де тағы қалып қоямын... Әйтеуір жолға шыға алмай арпалысам да жүрем. Сол жолға үлгеріп шыққан күні не болар екен, қызық...)
❤2
3 Aug 2026, 17:55 UTC61 views3 reactionsread 10 August 2026 Үлдеге де оранып бүлдеге де,
Ақталамыз, шыр-пыр боп, кімге, неге?
Сыбырламай айтшы енді, айқайлашы,
"Сағындым" де...
"Сүйем" де...
Бірдеңе де!
Бақыт деген қуану, ұрысып, күлу,
Сүйіктіңді әдейі қырсықтыру.
Бірдеңе де, сөйле тек, үнсіз қалма,
Үнсіз қалу - сезімді тұншықтыру!
Тұрмыс билеп аяққа оратылып,
Жаңа мұңдар жатыр ма жаратылып?
Төзіміңді сынауың жеке жеңіс,
Сезіміңді айта алмау сорақылық.
Үлдеге де оранып бүл…
❤3
3 Aug 2026, 16:54 UTC58 views2 reactionsread 10 August 2026 File
Ешкім де сендей болмайды,
Ешкім де мендей болмайды...
❤2
3 Aug 2026, 07:29 UTC59 views1 reactionsread 10 August 2026 Жұмысқа таныс кісі келді. Шаруаларымен жүр екен. Көптен көрмеген едік, арқа-жарқа амандасқан соң келген жұмыстарын айтуға бастығыма кіріп шықты. Кеткен соң "осы кісі грин флаг ше, күшті кісі" десем қасымдағы қыз "көзіңізден жүрек шықты ғой" дейді, сөйтсе бастығым "ыыы, Аружанның вкусын біліп алдық" деп күліп тұр... (эмоция бетке шығып кететіні ұят кейде)
❤1
3 Aug 2026, 03:11 UTC74 views2 reactionsread 10 August 2026 Біздің өмір жолымыз – ешбір ұзындық өлшеміне сыймайтын шетсіз, шексіз марафон. Мықты болсаң, ақырына дейін шыдап көр. Шыдай алмасаң, мен Адаммын деп көкірегіңді керме. Сен екі аяқты малсың…
Мұхтар Мағауин
💯2
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @aru_kypshak. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.