25 Jun 2026, 04:26 UTC436 views17 reactionsread 8 August 2026 Жалғасы:
Лә таһзан!
Қайғырма, Жан, тірісің!
Дертің қандай болса да бір дәрет ал,
Кеңіп қалсын тынысың.
Жайнамазды жайып ал да, меншікте
Бөлмеңнің бір бұрышын.
Намаз оқы қаласаң,
Қаламасаң ештеңе айтпа...
Тыңда жүрек дыбысын.
Ол дертіңді сенен артық түсінер
Білетін Сол – сен үшін не дұрысын.
Дұға еткенде сол жаралы жүрегіңнің жай қолын
Болсын жалғыз дұға тілеу – жұмысың.
Өйткені Оның мейірімі:
Тек жаралы жүректерге …
❤15😭2
24 Jun 2026, 18:19 UTC431 views16 reactionsread 8 August 2026 Лә таһзан!
Мұңайма, Жан!
Жүрегіңді жараласа әлдекім
Сен мұңайма, Жарығым!
Тек жаралы жүректермен біргемін
Демеп пе еді Тәңірім?!
Ендеше, тек сен мұңайма, Жарығым!
Сен одан да түннің қойнын жарып шық,
Күндей болып
Жанарларды қарықтырсын жарығың!
«Дерттімін мен» деймісің?
Аш көзіңді, қырағым,
Білмеймісің:
Дерт – Жарыңа жеткізетін пырағың,
Дерт – мойныңа асып жүрген тұмарың,
Сенде ғана бар деп және ойлама,
Сендейлер б…
❤16
23 Jun 2026, 12:51 UTC392 views22 reactionsread 8 August 2026 Photo
Жүрегіңді жараласа әлдекім
Сен мұңайма, жарығым.
Тек жаралы жүректермен біргемін
Демеп пе еді Тәңірім?
Руми
Қалыптаған Ләйлі Құндақбай
https://t.me/Soz_sinergiasy
❤22
9 Apr 2026, 10:14 UTC885 views25 reactionsread 8 August 2026 Үш балық
(Румиден)
Сөйле, тілім, ұмыт Хақтан өңгені,
Хақтың сөзі – тамшы судай шөлдегі.
Әлқиссасы әңгімемнің бүгінгі –
Үш ғажайып балық жайлы көлдегі.
Біріншісі – данасы еді балықтың,
Тыңдамайтын өз ойынан өңгені.
Екіншісі – ақылды еді ол-дағы,
Бірақ әлі аздау еді көргені.
Үшіншісі – ақкөз балық, ақымақ,
Үшеуі де – көлдің еркін төлдері.
Бір күн көлге келді бір топ балықшы
Қолдарында – ау мен жылым, өрмегі.
Айдын кө…
❤18🥰4👍3
9 Apr 2026, 03:37 UTC483 views5 reactionsread 8 August 2026 Photo
Махаббаттың теңізіне сүңгимін,
Тереңіне батып үнсіз мүлгимін.
Кетемін солай.
Екі әлемнің ортасында жанамын,
Уақыттан тыс кеңістікпен ағамын.
Кетемін солай.
Әлиф те емес, дал да емеспін, мим де емен,
Батқан сайын жеңем жауды «мен» деген,
Кетемін солай.
Жан Досымның бау-шарбағын жайлаймын,
Бақшасында бұлбұл құс боп сайраймын.
Кетемін солай.
Жүрек болып, тән түнегін жағамын,
Саған қарай бастайтын жол табамын.
Кетемі…
❤4👍1
6 Apr 2026, 06:07 UTC375 views10 reactionsread 8 August 2026 Photo
Махаббаттың теңізіне сүңгимін,
Тереңіне батып үнсіз мүлгимін.
Кетемін солай.
Екі әлемнің ортасында жанамын,
Уақыттан тыс кеңістікпен ағамын.
Кетемін солай.
Әлиф те емес, дал да емеспін, мим де емен,
Батқан сайын жеңем жауды «мен» деген,
Кетемін солай.
Жан Досымның бау-шарбағын жайлаймын,
Бақшасында бұлбұл құс боп сайраймын.
Кетемін солай.
Жүрек болып, тән түнегін жағамын,
Саған қарай бастайтын жол табамын.
Кетемі…
❤9🔥1
2 Apr 2026, 09:22 UTC685 views17 reactionsread 8 August 2026 Елдос Еміл ағамыздың әкесі Хабиболла Емілұлы қайтқанда айтылған көңілқос
«Бісміллә» деп, қызыл тіл,
Жолыңа түсіп, сөз баста
Сөйлемей сөздің шаласын.
Қылдан да нәзік кеуілдің
Сындырып алма, абайла,
Шытырлап тұрған шарасын.
Жайсыздау хабар келіп тұр,
Әкеткен екен ажал-оқ,
Елдостай ердің «ағасын».
Шайыр деп сенен жыр күтер,
Шамаң бар ма, ширатар
Шиырлап сөздің сарасын?..
* * *
Айналайын, Елағам!
Туысыңда бір мін жоқ,
А…
❤12🙏4🙈1
28 Mar 2026, 11:23 UTC667 views15 reactionsread 8 August 2026 Photo
Білесің
Сенен сұлу таппаймын, оны да Өзің білесің.
Тапсам, Саған жақпаймын, оны да Өзің білесің.
Сүйіп қалып, дерттімін, жарақатым тым ауыр,
Бірақ дәрі жақпаймын, оны да Өзің білесің.
Сен – бағымның Раушаны, оны да Өзің білесің.
Сен – жанымның кәусары, оны да Өзің білесің.
Сен жүзіне қарасаң, Күннің көзі ұялар,
Оның да Сен – аңсары, оны да Өзің білесің.
Беріш еді етім де – оны да Өзің білесің.
Жан бітірдің метінге…
❤10👍5
19 Mar 2026, 14:04 UTC750 views20 reactionsread 8 August 2026 Photo
Көзім – Сені көрмек үшін, қолым – Саған созбаққа,
Жаным бүгін сапар шегер тағдырынан озбаққа.
Құзырыңа жеткен кезде, ала бермей сұраққа,
Сен де бір сәт мейірім төк: тастай көрме жұмаққа.
Бау-бақшаң да керек емес, кірмеймін ол тұраққа,
Жұмақ үшін жылағам жоқ, жанымды олай жұбатпа.
Жәннат дейсің, және де оған шақырасың барлығын,
Хордың қызын ұсынасың, ол да емес қой зар-мұңым!
Ей, Жан Аллам! Жарылқай гөр Жар аңсаға…
❤20
19 Mar 2026, 12:22 UTC713 views6 reactionsread 8 August 2026 Наурыз жыры
Қайырымды Күн-Ана, Нұр төгумен өтші,
Кеудесі түкті Жер-Ана, Құлпырумен өтші.
Қуаты күшті От-Ана, Бақ, Ырыс боп жетші,
Қойыны құтты Су-Ана, Күнәдан пәк етші!
Көк-Ана, Көктем-Ана, Төгіліп көктен ана
Көгертші көктеп, Ана, Өрбітші өркен, Ана,
Көрікті, көркем ана, - Қош келдің, Көктем-ана!
Сағынтып келген көрдің бе мына көктемді,
Далама менің түсіріп жатыр көк белгі.
Әз-Наурыз келіп, аралап жүрген сияқты
Жұ…
🔥5👍1
19 Mar 2026, 08:00 UTC628 views10 reactionsread 8 August 2026 Жүз құбылып, шоқ салдың жүрегіме, Жарығым,
Жараланған жанымның жары – бақыт, жары – мұң.
Мәжнүн қылдың есі ауған не салса да көнетін
Жүз құбылған тұрлаусыз қылығына жарының.
Жатсам-тұрсам жалғыз ой мазалайды бүгінде,
Жалғыз тілек жаралы жүрегімнің түбінде:
Халлаж сынды Өзімді Сен деп елге жар салып,
Саған сіңіп жоқ болсам, қалмаса екен түгім де.
Өзіңді ойлап қан жұтып, тағдырыма көнейін,
Өзіңді ойлап қайғырып, Өзің…
❤7❤🔥3
6 Feb 2026, 04:34 UTC938 views42 reactionsread 8 August 2026 Photo
Мені іздеме бұл маңнан
Мен бұл жерге қонақпын.
Махаббаттың жолына
Мен Өзімді тонаттым.
Ақиқатқа суарып
Жүректерге оқ аттым.
Жебесіндей садақтың
Үстін-үстін бораттым.
Ал көз жасым көл болды -
Шамсиімді жоғалттым.
Жасым тамған сол жерден
Гүлдер шығар көп-ақ тым.
Мың сан гүлдің ішінен
Аппақ бір гүл жырақ тұр,
Сол гүл білер жауабын,
Сен іздеген сұрақтың.
Руми
Аударған: Ләйлі Құндақбай
❤39🥰3
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @Soz_sinergiasy. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.