24 Sept 2025, 14:52 UTC30 viewsread 11 August 2026 Велосаясат туралы
Israel Premier Tech атауы мен тіркелген әдрісін өзгертетін сияқты. Команданың негізгі демеушілері — велосипед жасаушы Factor мен Premier Tech компаниялары мына хейт тоқтамаса, командадан кетеміз-ау осы деп жатыр. Вуельта болып жатқан кезде жоба қожайыны Сильван Адамс ышқынып, өлсең де өзгертпейм деп “жер тепкілеген”. Енді әңгімесі өзгере бастапты. Кәйтеміз енді, жоба өлмесін десек… деп мәймөңкелеп ж…
Signed Т
14 Sept 2025, 19:04 UTC34 viewsread 11 August 2026 Сонымен, Вуельта 2025 аяқталды. Соңғы этап та аяқталмай қалды. Фрипалестиндіктер жолды жауып тастап, финишке 56 шақырым қалған кезде жарысты тоқтатып тастады. Ұйымдастырушылар тіпті марапаттау рәсімін де өткізбейміз деп шешті. Биылғы Вуельта Палестина атындағы Вуельта болды. Бірнеше этап фрипалестиндіктердің кесірінен аяқталмай қалды.
Гранд турды Visma leas a bike капитаны Йонас Винегор алды. Екінші орында — Жоао Ал…
Signed Т
9 Sept 2025, 16:08 UTC22 viewsread 11 August 2026 Video
Бүгінгі, 16 этап та аяқталмай қалды. Палестинаға тәуелсіздік беріңдер деп айқайлағандар бүгін ерекше көп болды. Сөйтіп амал жоқ этапты аяқтамай тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл Вуельтаның спорттан саясаты көп болып кетті
Signed Т
6 Sept 2025, 16:29 UTC25 viewsread 11 August 2026 Бүгін Вуельтада тарихи оқиға болды. UAE Team Emirates биылғы Вуельтаның он төрт этабының жетеуін алды. Оның бесеуін пелотоннан озып кеткен “қашқындар” тобында алды. Жеті этапты үш түрлі спортшысы алды. Әдетте әр командада этап алатын спортшы ары кетсе екеу болады. Қалғанының бәрі капитанның жанында болады. UAE Team Emirates — қазір әлемде ең күшті команда. Құрамындағы қай спортшысын алсаң да әлсіздеу командаға капит…
Signed Т
5 Sept 2025, 18:56 UTC18 viewsread 11 August 2026 Ақпарат қате боп шықты. Жоба иесі Сильван Адамс өтірік, атауынан Israel деген сөзді өлсек те алып тастамаймыз депті
Signed Т
5 Sept 2025, 18:51 UTC17 viewsread 11 August 2026 Мына канал шын велосаясат боп кетті. Сонда да жаза салайын.
Бельгияның Le Soir деген газеті Israel - Premier Tech командасы 2026 жылы атауын өзгертеді деген ақпарат шығарыпты. Қазір көпжылдық контрактісі бітпесе де екі спортшысы командадан кетеміз депті. Команда құрамына жаңа спортшыларды тарта алмай қиналып та жатқанға ұқсайды. Содан енді ең болмаса атауын өзгертсек деп жатыр екен.
Велоспорт — ақша таппайтын спорт…
Signed Т
5 Sept 2025, 15:21 UTC14 viewsread 11 August 2026 Л’Англиру аяқталды. Вуельта жеңімпазы анықталған жоқ. Финишке Винегор мен Алмейда бірге келді. Ал этапты Жоао Алмейда алып кетті. Бір-біріне шабуылдап, тастап кете ме деп соңына дейін күтіп едім, болмады. Не екеуінің шабуылға күші қалған жоқ не алда әлі 8 этап бар ғой деп бар күшін сарқып тастағысы келмеді. Не болса да аңыз Л’Англируды алғандардың қатарына енді Жоао Алмейда да қосылды. Ал бұлармен тең шайқаса ма деге…
Signed Т
5 Sept 2025, 14:26 UTC14 viewsread 11 August 2026 Л’Англиру этабы өтіп жатыр. Фанаттар тағы да жолды жауып, фриПалестиндетіп жатыр. Басқа-басқа, Л’Англиру этабы аяқталмай қалса, кешірмеймін. Оның үстіне нш қашқынның ішінде Николя Винокуров (Александр Винокуровтың ұлы) бар еді. Бекерге уақытын жеп қойды.
Signed Т
5 Sept 2025, 05:12 UTC14 viewsread 11 August 2026 Жалғасы. Ұйымдастырушылар израильдіктерге бәлкім қоя саларсыңдар осы? Қатысқандарың өздеріңе қауіпті болып тұр депті. Ал Израиль Премьер Тек соңына дейін барамыз. Қазір бас тартып кетіп қалуға болмайды. Кері прецедент тудырады деп жауап берген. Басқалар да сөйтіп шеттете берер дегені ғой енді. Ал UCI спорт саясаттан тыс нәрсе, олай саяси белсенділердің жетегінде кетпеңдер деп пәтуа беріпті. Қауіпсіздік пен принцип ар…
Signed Т
4 Sept 2025, 14:18 UTC13 viewsread 11 August 2026 Ақыры велоспорт жазбай кеттім ғой. Саясат жаза салайын. Қазір Вуельта болып жатыр. Биылғы үшінші әрі соңғы гранд тур. Кешегі этап басктердің жерінде өткен. Жол бойында басктер неге бұл Вуельтаға Израильдің ( Изралиль Премьер Тек) командасын қатыстырып жатсыңдар деп протест жасап, ақыры агрессия күшейіп кеткен соң, финишке 3 км қалған кезде ұйымдастырушылар жарысты тоқтатып, бұл этапта жеңімпаз болмайды деді. Сөйтіп э…
Signed Т
31 May 2025, 14:44 UTC21 viewsread 11 August 2026 Дель Торо Жироны ала алмай қалды. Бүгін соңғы таулы этапта Саймон Йейтс алып кетті. Бүгінге дейін Дель Тородан бір минуттан артық қалып келе жатқан. Бүгінгі этаптың соңғы тауында шабуылдап көріп еді. Карапас пен Дель Торо ілесе алмай қалды. Сөйтіп алты минуттай озып келді.
Саймон Йейтс биылғы Жироға капитан боп келмеген. Примож Рогличке көмекші, грегари боп келген. Роглич жеңе алмайтынын біліп жарыстан шығып қалған …
Signed Galeke
29 May 2025, 09:01 UTC18 viewsread 11 August 2026 Биылғы Жироны Исаак Дель Торо алатын сияқты. Басында Хуан Аюсоға көмекші боп келген. Аюсо тартпай қалып, Дель Торо шауып кетті. Басында әлі жас қой (21 жас), соңына қарай, тау этаптар басталған кезде “орнына түседі” деген бәрі. Кешегі этапта негізгі конкуренттерді лақтырып этапты алып кетті. Қасқыр конкуренттер тартпай жатыр. Енді екі тау этап қалды. Соларды жақсы өтсе, чемпион болып тұр. Дель Торо мексикалық. Мексик…
Signed Galeke
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @GOCycling. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.