11 Aug 2026, 14:49 UTC366 views1 reactionsread 12 August 2026 Photo
Доллар тамыздың басынан бері 10 теңгеге жуық арзандады
Кеше күрт құлдыраған доллар бүгін де арзандады, алайда бұл жолы өзгеріс айтарлықтай көп болмады. 11 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ валютасының орташа бағамы 465,82 теңге болды
🔥1
11 Aug 2026, 13:34 UTC406 viewsread 12 August 2026 Photo
Алматыда LRT-ны 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр
Алматыдағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба бойынша алғашқы желіні 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланған, алайда мерзім жылжымалы құрамды дайындау және жеткізу кестесіне қарай өзгеруі мүмкін
11 Aug 2026, 12:54 UTC379 views5 reactionsread 12 August 2026 Photo
Кәріз құдығында алты жұмысшының қаза болуына қатысты мәслихат депутаты ұсталды
Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Aqtogai Milk ЖШС иесі Александр Терентьев кәсіпорында алты жұмысшының қаза болуына қатысты іс бойынша ұсталды. Тергеу аясында барлығы үш күдікті ұсталған
👍5
11 Aug 2026, 11:54 UTC400 viewsread 12 August 2026 Video
Нұрайдың өлімі: прокурор соттан Шерхан Аймаханға қандай жаза сұрады
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесінде жарыссөз басталды. Прокурор соттан Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады
11 Aug 2026, 11:34 UTC391 viewsread 12 August 2026 Photo
Қазақстанда ипотеканы ерлерге қарағанда әйелдер жиі рәсімдейді
Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша ипотекалық төлем жасайтындардың арасында әйелдер саны ерлерден көп. Бұл туралы брифинг барысында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді
11 Aug 2026, 11:24 UTC391 viewsread 12 August 2026 Photo
Сүйінші, көрімдік пен шежірені цифрландыру жоспарланып отыр
Қазақстанның ұлттық мессенджері Aitu-да смартфон дәуіріне дейінгі қазақ дәстүрлеріне қатысты жаңа функциялар іске қосылмақ. Қолданушыларға цифрлық шежіре жүргізу, сондай-ақ сүйінші, көрімдік, асар және садақаға ақша аудару мүмкіндігі ұсынылады
11 Aug 2026, 11:09 UTC384 views3 reactionsread 12 August 2026 Photo
Сирия Башар Асадты өлім жазасына кесті
Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадқа өлім жазасын кесті. Ол 14 жылға жуық уақытқа созылған азаматтық соғыс кезінде жасалған қылмыстарға кінәлі деп танылды
👍2💩1
11 Aug 2026, 10:34 UTC385 views4 reactionsread 12 August 2026 Photo
Астанада футбол қақпасы балаға құлап, ол жансақтау бөліміне түсті
Астанада футбол жаттығуы кезінде балаға қақпа құлап кеткен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл футбол алаңы Қазақстан футбол федерациясына тиесілі
😢3❤1
11 Aug 2026, 10:19 UTC377 viewsread 12 August 2026 Photo
Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді кәдімгі жолдарда сынауға рұқсат беріледі
Қазақстан жолдарына жүргізушісіз көліктер шығады. Елде үш жылға созылатын эксперимент басталып, жасанды интеллектпен басқарылатын көліктер жабық полигондардан шығып, қалалық жолдардағы жалпы қозғалысқа қосылады
11 Aug 2026, 10:05 UTC381 views1 reactionsread 12 August 2026 Photo
"Саясаткер ретінде саудасы бітті-ау": Respublica төрағасының сөзі халық наразылғын тудырып жатыр
Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың Абай туралы айтқан сөзі қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Қоғам белсенділері мен журналистер саясаткердің пікірін орынсыз деп бағалап, оны сынады.
Толығырақ
https://t.me/ulysmedia
🔥1
11 Aug 2026, 09:19 UTC407 views1 reactionsread 12 August 2026 Video
Бектенов бизнесті цифрландыру деңгейін сынға алды
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің цифрландырылу деңгейін сынға алды. Оның айтуынша, бизнесті қолдау бойынша қызметтердің 60%-ы әлі де қағаз жүзінде көрсетіледі
🥴1
11 Aug 2026, 08:34 UTC403 views5 reactionsread 12 August 2026 Photo
Геннадий Головкин ресми түрде ISSA вице-президенті қызметіне үміткер атанды
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді
👎3❤1🔥1
Showing the 12 most recent of 85 posts we hold for @ulysmedia. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.