11 Aug 2026, 17:00 UTC107 views13 reactionsread 12 August 2026 Сондай-ақ мәд тәмкин керісінше, яғни бірінші мәд әрпі, сосын қарапайым әріп ретінде де келе алады. Мысалы:
﴿اصْبِرُوا وَصَابِرُوا﴾,
﴿آمَنُوا وَعَمِلُوا﴾,
﴿الَّذِي يُرْسِلُ﴾.
📌 Бұл жағдайда қари әрбір әріпке өзіне қажетті уақытты дәл беруге мұқият болуы керек. Яғни әріптердің дыбысталу уақытын қысқартпай, мәддтің уақытынан да кемітпей оқиды.
❤8👍2🍓1🤓1🥰1
Signed Aiym أم محمد يوسف
11 Aug 2026, 16:57 UTC107 views13 reactionsread 12 August 2026 Мәдд тәмкин — мәдд табиғидың бір түрі. Ол бір-біріне ұқсас әріптер қатар келгенде, әріптерді анық әрі толық айту үшін жасалады.
Мысалдар:
حُيِّيْتُمْ — хуййитум
النَّبِيِّينَ — ән-нәбиййинә
Бұл жерде жай يّ мен мәдті ي қатар келгендіктен, оларды бір-біріне қосып жібермей, анық айту қажет.
Яғни тәмкиннің мақсаты — әріптердің бір-біріне сіңіп кетуіне жол бермей, әрқайсысын өз орнымен анық шығару. Сол үшін де бұл жағ…
👍5😍3❤2❤🔥1🍓1🤓1
Signed Aiym أم محمد يوسف
10 Aug 2026, 17:38 UTC166 views25 reactionsread 12 August 2026 Мәд муттасыл не себепті 2-ден көп созылады?
Созудың (мәдтің) себебі – мәд әрпі (ا، و، ي) жасырын, жеңіл дыбыс болғандықтан, ал һамза қиын әрі ауыр айтылатын дыбыс болғандықтан, сол қиын дыбысты анық әрі жеңіл айтуға мүмкіндік беру үшін жасырын дыбыс (мәд әрпі) созылады.
Яғни, Мәдтің себебі – мәд әрпі жасырын (әлсіз) дыбыс, ал һамза – айтылуы қиын дыбыс. Сондықтан қиын дыбысты анық айтуға мүмкіндік болу үшін жасырын…
❤13👍6🔥3⚡2❤🔥1
Signed Aiym أم محمد يوسف
10 Aug 2026, 08:10 UTC194 views26 reactionsread 12 August 2026 Құран — хафиздің жүрегіндегі жәннат секілді. Ол қай жерге барса да, Құран өзімен бірге жүреді. Егер қандай да бір жерде мұсхаф ұстауға мүмкіндік болмаса, оның жүрегінде Құран бар. Қалаған уақытында оны жатқа оқи алады.
❤23🔥2👍1
Signed Aiym أم محمد يوسف
8 Aug 2026, 13:47 UTC823 views20 reactionsread 12 August 2026 Ибраһим ибн Абдулуаһид әл-Мақдиси Дия әл-Мақдиси хадис үйрену жолына енді түскен кезде оған өсиет етіп:
“Құранды көп оқы және оны тастама. Өйткені сен іздеген нәрсең Құранды қаншалықты көп оқығаныңа қарай жеңілдейді” деген екен.
“Мен мұны талай рет көріп, өз тәжірибемнен өткіздім. Құранды көп оқысам, хадис тыңдауым мен оны жазуым да көп әрі жеңіл болатын. Ал Құран оқымасам, бұл маған оңайлықпен жүзеге аспайтын”.
❤🔥12❤5😍2🔥1
Signed Aiym أم محمد يوسف
18 Jul 2026, 10:34 UTC523 views27 reactionsread 12 August 2026 “Қарилар тәжуид ілімінде әртүрлі деңгейде болады.
Бірі оны риуаят әрі түсінік арқылы меңгереді. Міне, бұл – зерек әрі білгір қари.
Ал енді бірі оны тек есту және еліктеу арқылы үйренеді. Мұндай адамның білімі әлсіз болады. Егер оған негізі түсіндірілмесе, күмәнға түсіп, оқуында бұрмалау мен қателікке ұшырауы мүмкін.
Құранды түсініп оқу тек риуаятпен оқудан артық. Риуаяһ – Құранды жеткізу, ал дираяһ – оны дұрыс мең…
👍15🔥5❤4👏3
Signed Aiym أم محمد يوسف
18 Jul 2026, 09:01 UTC435 views13 reactionsread 12 August 2026 Photo
Өте керемет приложение екен. Құраннан кез-келген тәджуид ережелерін табуға болады. Және әр аяттың тәпсірін оқуға болады (арабша). Одан бөлек Құрандағы грамматикалық ережелерді таба аласыздар (қай сүреде қай аятта келгені шығады).
🔥8👏3❤1🥰1
Signed Aiym أم محمد يوسف
17 Jul 2026, 16:04 UTC≈1,540 views35 reactionsread 12 August 2026 Жаттауыңыз ұзаққа созылса, қапа болмаңыз…
Абдуллаһ ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын): “Ол Бақара сүресін жаттауға сегіз жыл жұмсады”деген риуаят келген.
Әбу Бәкір ибн Айяш (Имам Шуғба) былай дейді:
“Мен Құранды Асим ибн Әбин-Нуджудтан оқыдым. Ол маған күн сайын бір аяттан ғана оқытатын әрі:
“Осыны толық меңгер, одан артық оқыма” дейтін.
Шейх мен Құранды толық аяқтамай тұрып дүниеден өтіп кетеді ме деп қауі…
🔥17😍8❤5🥰5
Signed Aiym أم محمد يوسف
13 Jul 2026, 06:07 UTC522 views17 reactionsread 12 August 2026 Қазіргі араб фонетикасында (ъилмул-асуат) жәһр мен һәмс ұғымдары тек дауыс сіңірлерінің (дыбыс шымылдықтарының) дірілдеуі немесе дірілдемеуіне ғана байланысты қарастырылады. Бұл анықтамада тыныстың ағуы немесе бөгелуі ескерілмейді.
Сондықтан қазіргі заманғы фонетика зерттеушілері тәжуид ғалымдарының көзқарасына қайшы келіп, қаф (ق), та (ط) және һамза (ء) сияқты бірқатар дыбыстарды басқаша жіктеген. Осылайша олар Алл…
❤10🔥4😍3
Signed Aiym أم محمد يوسف
12 Jul 2026, 12:52 UTC453 views31 reactionsread 12 August 2026 “Әріптің махражы – оның шығатын орны. Мұны білу үшін әріпті сукунмен айтып, оның алдына уасл һамзасын қоясың. Содан кейін дыбыстың қай жерде тоқтайтынына назар аударасың. Дыбыс қай жерде аяқталса, сол жер – оның махражы. Мысалы, «إِبْ» деп айтып, сол жерде тоқтасаң, екі еріннің бір-біріне толық жабылғанын байқайсың”
Имам Джаробарди (746ж.дүние салған)
❤23👍3🔥2😍2👏1
Signed Aiym أم محمد يوسف
11 Jul 2026, 17:48 UTC467 views41 reactionsread 12 August 2026 Photo
Мына кітапты оқып бастадым 🤓
Үзінділермен бөлісейін бе?
❤30😍6❤🔥3🥰2
Signed Aiym أم محمد يوسف
11 Jul 2026, 17:45 UTC407 views28 reactionsread 12 August 2026 Араб әріптері 29 дыбысталатын әріптен тұрады. Осы әліпби әріптері Құранда 2 аятта толық жиналған (кейбір әріптер қайталанып келеді). Ол аяттар:
📎 Әли Имран сүресі 154-аят
📎 Фатх сүресі 29-аят
❤21🔥5💘2
Signed Aiym أم محمد يوسف
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @quranzholynda. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.