3 Jul 2026, 20:07 UTC≈3,940 views156 reactionsread 29 August 2026 Адам адамды тура жолға сала алмайтыны қандай қызық ия…Орамалыңызға қарсы болған ата-ананы, сізді түсінбеген дос-құрбыны, намазыңызды ұқпайтын жарыңызды- ешкімді тура жолға сала алмайтыныңыз қандай қиын әрі өкінішті. Расында біз тек ескертушіміз, бір-бірімізге демеу болатын жандармыз, бірақ билік Раббымызға тиесілі.🤍
Шаршамау керек, бірдеңені қайта-қайта түсіндіріп,айтып, энергиямызды шашпауымыз керек…Қолдан келген …
❤146👍9👎1
1 Jul 2026, 13:37 UTC≈4,410 views190 reactionsread 29 August 2026 Ештеңені мінсіз үлгі тұтпау керек, ешкімнің өмірі мінсіз емес. Біреу үшін ең қиын өмір-балалы өмір, біреу үшін ең қиыны-баласыз өту. Біреу жұмыс таппай қиналып жүр, ал енді біреу жұмыс жасайды, бірақ сүйікті жұмысы емес. Әркімнің басында бір қиындық бар, бірақ Алла Тағала Аса мейірімді, Рақымды, Қамқор🤍
Барлық адам түптің түбі - Рахманның құлы, тек Алладан жәрдем сұрап қана қиыншылықтан өтеміз, Оған жақын болу арқы…
❤174😢13👍2❤🔥1
30 May 2026, 14:56 UTC≈5,490 views206 reactionsread 29 August 2026 “Ендеше Алланың қай нығметін жоққа шығарасыңдар?” (Рахман сүресі)🤍
Раббыңның қамқорлығы сондай, сені Өзі тәрбиеледі, жүрегіңді оңашалап, адамдарға күніңді қаратпай… Оған ғана мұқтаж екеніңді секунд сайын есіңе салып тұрды, саған дұға еткізді… Сені Өзі тәрбиеледі, құшақтады бар мейірімімен..
Раббыңның қамқорлығы сондай, қыстан кейін бірден жаз қылмады. Жүрегің үйренсін, кеудең көндіксін, түсініксіз сезімде боп қалма…
❤190😭16
27 May 2026, 05:19 UTC≈5,000 views233 reactionsread 29 August 2026 Кеше Аллаһым бір нәрсені түсіндіреді ғой
Адам тек Раббысына ғана мұқтаж, кішкентай жүрегі жылап, Құдайын ғана іздейді. Дүние, жылтыр бұйым, қыдыру, ақша бәрі уақытша нәрсе, бәрінің сұрауы бар. Қаншалықты көп роскошьта, байлықта өмір сүрсең, соншалықты көп сұраласың, Алланың есебі түзу, Ол Аль Хасиб. Сондықтан қазір сүріп жатқан қарапайым өміріңізді сүйіңіз, ақша жетпейтін, кейде дұрыс киер киіміңіз жоқ өміріңізді құ…
❤220💘7👏6
20 May 2026, 10:26 UTC≈5,620 views183 reactionsread 29 August 2026 Егер Алла Тағалаға мына дүние қымбат болғанда оны кәпірлерге бермес еді. Раббымыз үшін мына дүниенің “маса қанатындай” қадірі жоқ. Сондықтан сіз де бұл дүниені қатты қадірлеп, қорқа бермей, жеңіл өмір сүріп көріңіз.
Адамдар ашуланып жатқан жерде ең сабырлы адам болыңыз. Асығып жатқан кезде, ең байсалды, жай адам болыңыз. Жай ғана рұқсат етіңіз, сонда өзгереді бәрі…Адамдар айта береді, асықтыра береді, түбінде таңдау…
❤163😍10👍5🫡4💘1
20 May 2026, 10:25 UTC≈4,540 views120 reactionsread 29 August 2026 Үнемі жан рақатын бірінші орынға қойыңыздар.🫶🏻
Асылында Аллаһ Тағала жүрекке ненің дұрыс/бұрыс екенін көрсетеді. Тек дұрыс ориентир керек. Қазір басыңыз аурып, қиналып, шеше алмай жүрген нәрсеңіз болашақта мысқалдай маңызы жоқ нәрсе шығар?
❤115💘4🔥1
19 May 2026, 19:34 UTC≈7,760 views258 reactionsread 29 August 2026 Байқадыңыздар ма, адамда позитивті көзқарас болса(көңілді) ол адамға тәубешіл, шүкіршіл болу оңай. Көбіне айналасына уын шашып, жынданып, ашуланып жүретін адамның Құдайға рақметі жоқ болады. Егер құл өзінде бар нәрсеге шүкір етсе, ол адамға жоқ нәрселер де келеді. Алладан бірдеңе сұрағанда дефицит болғаннан сұрамаңыз. Барыңызға шүкіршілік етіңіз, сонда Алла Тағала жоғыңызды да береді, барыңызды арттырады.🫶🏻
❤251❤🔥4👏3
10 May 2026, 00:33 UTC≈5,680 views269 reactionsread 29 August 2026 Намазды бір қаза қылып үйренген адам Раббысының алдында беті ашылып, ұялмай кетеді
Сол үшін таң намазына өте сақ болыңыз, әрі қарайғы намаздар оқуға оңай🤍🤲🏼Тек таң намазыңызды қаза қылмасаңыз, иншаАллах Аллах күш береді күндізгі уақыттарға.
❤🔥123❤81😭37💔24💘4
8 May 2026, 19:27 UTC≈5,430 views149 reactionsread 29 August 2026 Ойыма бір нәрсе келіп тұрып қалды да…
Осы өмірде ештеңені шынайы, реалистік тұрғыда (всерьез) қабылдамай өмір сүрсек қалай болады? Тура ойнап жүргендей…Қиналған кезде оны да кезекті бір ойын деп түсінсек.Ойында бонус, тиын жинап отырамыз ғой, тура сол секілді сауап жинап, қиындықтарды елеп-ескермей, секіріп жүріп ойнасақ өмір әлдеқайда жеңіл болмас па еді?
❤111👍31🕊4💘2🔥1
25 Apr 2026, 15:07 UTC≈10,500 views272 reactionsread 29 August 2026 Раббыңнан басқасының бәрін жібер…
Шешілмеген мәселені, сені жүдеткен жұмысты, көңіліңді түсірген сәтсіздікті, оқылмаған хаттарды, қайтарымы жоқ сезімді, һайыры жоқ махаббатты- бәрін жібер. Жүрегің алысқа самғасын, қорықпай соқсын. Маңдайыңа жазылмаған тағдырды баянды қылам деп жалғыз өзің күреспе. Бәрін жібер, тек Раббыңнан ұстап қал, Исламнан алыстама. Нағыз гүлдейтін, қауыз жаратын шағың бұл. Өкінішке жақын болма,…
❤259👍11💘2
22 Feb 2026, 17:00 UTC≈9,590 views36 reactionsread 29 August 2026 Ал ең бастысы- қанша адасып кетсең де, шындықтан көз жазып қалсаң да, айналаңда нәпсіңді оятып, қызықтыратын жылтырақ көп болса да, Алланың панасына тығылу, қашу🤍
Бұл өмірде Алладан артық Дос, Жанашыр жоқ, іздеп бекер әуре боламыз. Әйтеуір бірінің іштарлығы, көреалмастығы судың бетіндегі майдай болып кілкілдеп көрініп тұрады.
Сол үшін өз басым ешкімге сенбеймін де, ешкімді әурелемеймін де, тыныш өмір сүремін..
❤35💘1
5 Feb 2026, 16:23 UTC≈10,000 views21 reactionsread 29 August 2026 Бәрін Аллаға тапсырып, ештеңені уайымдамай, тып-тыныш бола қалған қандай ғажап🤍Ия, әрқайсымыздың бір мұңымыз, қасіретіміз, уайымымыз бар. Бірақ, Раббың менің жанымды тыныштандыратыны, уайымымды жаратқан Аллаһым емес пе? Демек ол шешіледі. Шешілмесе де шешіледі.
Шеше алмасам, Аллаһым Өзі шешіп береді. Өмір ешқашан бір арнада тоқтап қалған емес, солай ғой? Әр қиындық өз уақытында қиын, үлкен проблема болып көрінгенім…
❤20💘1
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @oilaar. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.