7 Aug 2026, 16:43 UTC25 views3 reactionsread 7 August 2026 ✍️
АТАҚ немесе ҮШ СӨЗ
"Мені білмей тұрған өзі бұл қайсың?" –
Деп кеуделеп толқын атып тулайсың.
Мансабыңа жүрген кезде масайрап,
Мерт боласың.
Қайтып сосын тумайсың.
Аяқасты аяқталып сапарың,
Қалады артта шен-шекпенің, шапаның.
Көрге бірге кіруге де жарамас,
Бір кездері жерді жарған атағың.
Көз жұмған соң
Біреу келіп, Құдай-ай!
"МӘЙІТ қайда?" - деп сұрайды тым оңай.
Кебіндейді жуындырып жəй ғана,
Атақ түгіл атыңд…
😢3
7 Aug 2026, 14:43 UTC56 views5 reactionsread 7 August 2026 Video
قُلۡ إِنَّ ٱلۡمَوۡتَ ٱلَّذِى تَفِرُّونَ مِنۡهُ فَإِنَّهُۥ مُلَـٰقِيكُمۡۖ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَىٰ عَـٰلِمِ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَـٰدَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Ендеше, оларға: «Сендер қашып жүрген өлім түптің түбінде алдарыңнан шығады (да, құтқармайтын құрығын салады). Содан кейін ғайыпты да, жарияны да (яғни сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезілетін жария әлемді де) толы…
😢4👍1
4 Aug 2026, 16:45 UTC173 views17 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Әлбетте, сендер бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер».
(Иншиқақ, 19)
Алла Тағала бізді бір хәлден екінші хәлге ауыстырып отырады. Қиындықтан кейін жеңілдік бар. Аурудан кейін денсаулық бар. Қайғыдан кейін қуаныш бар. Айырылысудан кейін қауышу бар. Бұл дүние бір кейіпте тұрып қалмайды. Адамдар байлық пен кедейліктің арасында, ауру мен денсаулықтың арасында алма-кезек күн көреді. Алайда ең бақытты а…
❤15👍2
1 Aug 2026, 16:25 UTC302 views10 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Алайда сендер Оның осынау нығметтеріне өте аз шүкіршілік қыласыңдар».
(Муминун сүресі, 78-аят)
Алла Тағаланың бізге әрдайым беріп жатқан нығметтеріне үйреніп кеткеніміз соншалықты, оны міндетті нәрсе деп қабылдап, шүкіршілік қылудан бас тартып кеттік.
Қалағанымызды сатып аламыз, алайда сол ақшаны кім бергенін ұмытамыз. Барлық күш-қуатымызбен шапқылап жүреміз, алайда денсаулықты кім бергенін ұмытам…
❤10
30 Jul 2026, 15:36 UTC354 views15 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Уа, иман келтіргендер! Мәжіліс құрып отырғандарыңда (жаңадан келген жандарға): «Кеңшілік жасап, орталарыңнан орын беріңдер», – делінгенде сәл ығысып орталарыңнан орын беріңдер, сонда Алла да сендерге кеңшілік жасап (шексіз рақымы мен жәннатынан) орын береді».
(Мужәдәлә, 11)
Бұл аят мәжілістерде орын беру жайлы түскен. Алайда мағынасы – одан да ауқымдырақ.
Кімде-кім қысылған жандарға кеңшілік жаса…
❤14👍1
27 Jul 2026, 16:19 UTC390 views15 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Бірде Жүсіп әкесіне: «Әкешім! Мен түсімде аспандағы он бір жұлдыздың және Күн мен Айдың маған тағзым жасап, сәжде етіп тұрғанын көрдім», – деді».
(Юсуф, 4)
«Әкесіне» деген сөзге жақсылап мән бер. Сырыңды кімге айту керектігін біл.
Барлық адам сенімді емес. Барлық әңгімені сыртқа жаюға болмайды. Ішіңдегі нәрселерге адамдарды толықтай араластырма. Өзің үшін де бір нәрсе қалдыр!
©Аслан Орақбаев
©Қа…
❤14✍1
15 Jul 2026, 17:43 UTC523 views24 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Сөйтіп періштелерге «Адамға сәжде етіңдер!» деп бұйырдық. Олар сол мезетте тегіс сәжде етті. Алайда ібіліс тәкаппарлық танытып, сәжде етуден бас тартты, сөйтіп, кәпір болды».
(Бақара, 34)
ібілістің сәжде етуден бас тартуы оның Алланың рақымынан қуылуына себеп болды. Алайда ібілістің жағдайы мен мұсылмандардың намаз оқымауына көз жүгіртетін болсақ, бір ғажап нәрсені байқаймыз. ібіліс адамға сәжде е…
❤22😢2
12 Jul 2026, 17:54 UTC534 views23 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Уа, мүміндер! Бәрің бір ауыздан Аллаға тәубе етіңдер! Сонда ғана мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер».
(Нұр, 31)
Ғалымдарымыз былай дейді: «Құлдың ең хайырлы күндері – Аллаға тәубе еткен күндері». Егер құл тәубе етсе, періштелер «Пәленше Раббысымен достасты» деп айтады. Достар бір-бірімен жанжалдасып қалса, бір-бірінің көңілін тауып, татуласады. Алайда Алла разылығын іздеуге лайықтырақ емес пе?
Егер жү…
❤18🔥5
10 Jul 2026, 17:44 UTC474 views19 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Балам! Түсімде өзіңді құрбандыққа шалып жатыр екенмін».
(Саффат, 102)
Аятта адам баласының тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірі баяндалады. Ибраһим пайғамбар ұлғайған жасына дейін бала сүймеген еді. Сондықтан балалы болған кезде, оған жүрегі қатты байланған. Күндердің бір күнінде, баласы ер жеткен кезде, Алладан оны құрбандыққа шалу жайлы бұйрық келеді. Ибраһим пайғамбар пайғамбарлардың түсі Аллад…
❤18👍1
9 Jul 2026, 17:40 UTC420 views20 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Раббыларыңның кешіріміне һәм шынайы тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жеті қат аспан мен жердей болған жұмаққа асыға ұмтылыңдар!».
(Әли-Имран, 133)
АСЫҒЫҢДАР! Себебі өлім күтпейді. Ертең тәубе етемін, ертеңнен бастап Құран оқимын, ертеңнен бастап диета ұстаймын... Ертеңгі күн келер... Алайда қалаған нәрселеріңді орындай алмайсың. Өмірге деген үміттің ұзақтығынан өлім бізге әлі келмейді деп сенеміз.…
🔥12😢6👍2
6 Jul 2026, 18:33 UTC455 views17 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Сөйтіп Ібіліс екеуіне: «Мен сендерге шын жанашыр ақылшы ретінде насихат айтудамын», – деп (Алланың атымен) үсті-үстіне ант-су ішті».
(Ағраф, 21)
Біреудің Алланың атымен жалған ант ішуі Адам мен Хауа ананың ойына келмеген. Алайда ібіліс мұны істеді. Оның насихатына келер болсақ, азғыру үшін заттарды басқа атауларымен атаған. Ағаштың аты күнә ағашы еді, ал ібіліс оны мәңгілік өмір сыйлаушы ағаш деді…
😭11❤4🔥2
5 Jul 2026, 17:28 UTC445 views15 reactionsread 7 August 2026 ✍️
Құраннан хат
«Басыңа не келсе де, сабыр ет! Міне, осы істердің әрқайсысы – табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы да зор істердің бірі һәм бірегейі».
(Лұқман, 17)
Біз бұл дүниеде Алланың жазған тағдырымен өмір сүреміз. Саған келген аурудан айналып өту мүмкін емес. Сенің жақыныңа келген өлімді қайтарып жіберу де мүмкін емес. Тіпті бастығыңның аяқ киімін күн сайын сүртсең де, жоғалтып алған жұмысың бәріб…
❤15
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @mustafanyn_kokesi. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.