11 Aug 2026, 09:19 UTC251 views1 reactionsread 11 August 2026 Photo
Джейкоб Элорди Ари Астердің жаңа «Scapegoat» фильміне қосылды
Джейкоб Элорди А24 студиясы түсіретін Ари Астердің жаңа фильмі «Scapegoat» жобасында Скарлетт Йоханссонға серіктес болуы мүмкін. Актер қазір жобаға қосылу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Фильмнің сюжеті әзірге құпия сақталуда. Астер картинаның сценарийін өзі жазып, режиссерлік етеді. Жоба оның A24-пен кезекті бірлескен жұмысы болмақ.
@madeniet_media
💋1
10 Aug 2026, 11:19 UTC452 views9 reactionsread 11 August 2026 Photo
Дияр Нұрғожай қарсыласын раундтың соңғы секундында нокаутқа түсірді
Қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде жарқын жеңіске жетті. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жекте ол бразилиялық Бруно Лопеспен кездесті.
Нұрғожай қарсыласын бірінші раундтың аяқталуына бір секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді. Бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі қатарынан екінші жеңісі болды.
@madeniet_media
🔥7👎1💋1
10 Aug 2026, 07:54 UTC483 views9 reactionsread 11 August 2026 Photo
«Five Nights at Freddy’s» әлемі шынайы пиццерияға айналады
«Five Nights at Freddy’s» франшизасы негізінде шынайы Freddy Fazbear’s Pizza мейрамханасы ашылады. Ол 2027 жылы АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында жұмысын бастайды.
Жоба ойын франшизасының иесі ScottGames компаниясымен бірлесіп жасалады. Пиццерияда Фредди және Fazbear Band қатысатын негізгі сахна, сондай-ақ Foxy the Pirate Cove болады. Ке…
🔥6❤2💋1
7 Aug 2026, 11:42 UTC716 views12 reactionsread 11 August 2026 Photo
Рыбакина хардтағы WTA 1000 турнирлеріндегі жеңіс саны бойынша әлемнің үздік үштігіне енді
Елена Рыбакина 2022 жылдың басынан бері WTA 1000 санатындағы хард жабындысындағы турнирлерде ең көп жеңіске жеткен теннисшілердің үздік үштігіне кірді. Торонтода өткен турнирде Дарья Касаткинаны жеңгеннен кейін қазақстандық спортшының бұл көрсеткіші 72 жеңіске жетті.
OptaAce статистикалық порталының мәліметінше, осы кезеңде те…
❤8🔥3💋1
6 Aug 2026, 14:05 UTC783 views7 reactionsread 11 August 2026 A24 Роберт Паттинсон ойнаған Primetime фильмінің алғашқы трейлерін жариялады.
Шынайы оқиғаларға негізделген психологиялық триллердің сюжеті жемқорлық, зорлық-зомбылық пен тәуелділік әлеміне тап болған Токио детективі туралы баяндайды. Тергеу барысында ол бұрынғы якудза мүшесімен, жұмбақ FBI агентімен және ықпалды америкалық отбасының жоғалып кеткен қызымен байланысты іске араласады.
Фильмде Роберт Паттинсонмен бірг…
❤6💋1
6 Aug 2026, 11:49 UTC740 views10 reactionsread 11 August 2026 Photo
Laika Studios-тың жаңа stop-motion жобасы – «Wildwood» фильмінің алғашқы постері жарық көрді.
Колин Мелойдың романына негізделген анимацияда қарғалар ұрлап кеткен інісін құтқаруға аттанған қыздың шытырман оқиғасы баяндалады.
Кинотеатрларда – 23 қазаннан.
@madeniet_media
💋7👍2❤1
5 Aug 2026, 09:15 UTC851 views14 reactionsread 11 August 2026 Photo
QYZQARAS фестивалінің ашылу фильмі белгілі болды
QYZQARAS Film Festival 2026 фестивалінің ашылу фильмі ретінде режиссер Кристина Михайлованың «Өзен түстері» («Сны реки») деректі картинасы таңдалды. Қазақстандық премьера 20 тамызда Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өтеді.
Фильм Берлин халықаралық кинофестивалінде Экуменикалық қазылар алқасының жүлдесін жеңіп алып, әлемнің 20-дан астам кинофестивалі…
❤10💘3💋1
5 Aug 2026, 08:48 UTC836 views11 reactionsread 11 August 2026 Photo
Ли Хайдың әлемдік туры басталуына төрт күн қалғанда тоқтатылды
Оңтүстіккореялық әнші Ли Хайдың әлемдік туры алғашқы концерттің басталуына небәрі төрт күн қалғанда тоқтатылды. Бұл туралы 808 HI RECORDINGS агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәлімдеуінше, турды тоқтату туралы шешімді ұйымдастырушылар біржақты қабылдаған. Компания әншінің барлық міндеттемелерін толық орындағанын және гастрольдердің тоқтатылуына ешқандай …
❤4🤯4💋2💘1
4 Aug 2026, 11:02 UTC928 views7 reactionsread 11 August 2026 «Bad Lieutenant: Tokyo» фильмінің алғашқы тизері жарық көрді
Режиссер Такаси Миике түсірген «Bad Lieutenant: Tokyo» криминалдық триллерінің алғашқы тизері шықты.
Фильм оқиғасы абыройынан айырылған Токио детективі туралы өрбиді. Ол жоғалып кеткен саясаткердің қызын іздеу ісіне араласып, жемқорлық, қылмыс пен якудза әлемінің ортасына тап болады. Басты рөлдерде Шун Огури мен Лили Джеймс ойнайды.
@madeniet_media
❤5💋1💘1
4 Aug 2026, 10:26 UTC900 views9 reactionsread 11 August 2026 Photo
Қазақстан су спорт түрлерінен Азия чемпионатында 49 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы су спорт түрлерінен Азия чемпионатын 49 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына 21 алтын, 19 күміс және 9 қола жүлде түсті. Осы нәтижемен қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық кубокты жеңіп алды.
@madeniet_media
💋9
4 Aug 2026, 10:06 UTC928 views5 reactionsread 11 August 2026 Photo
Джаафар Джексон Уилл Смитпен бірге жаңа триллерге түспек
Майкл Джексонның жиені Джаафар Джексон Уилл Смитпен бірге Supermax экшн-триллеріне түспек.
Фильмде Уилл Смит пен АннаСофия Робб атышулы қатаң режимдегі түрмеде болған кісі өлімін тергейтін FBI агенттерін сомдайды. Жобаны Amazon MGM Studios пен Miramax түсіреді, ал режиссері – Дэвид Гордон Грин.
@madeniet_media
💋4❤1
4 Aug 2026, 08:38 UTC≈1,000 views29 reactionsread 11 August 2026 Photo
«Spider-Man: No Way Home» фильмінің актрисасы Мэри Эгида Ривера қайтыс болды
«Spider-Man: No Way Home» фильмінде Недтің әжесінің рөлін сомдаған филиппиндік актриса Мэри Эгида Ривера 82 жасында өмірден өтті.
Актриса инсульттен кейін көз жұмды. Ол 2021 жылғы Marvel фильмінде Нед Лидстің (Джейкоб Баталон) әжесін сомдап, көрерменнің есінде қалған еді.
@madeniet_media
😭24🕊2🙈2💋1
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @madeniet_media. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.