16 May 2026, 08:39 UTC220 views13 reactionsread 8 August 2026 Адамзаттың алауыздық, соғыс, жаза мен өшпенділік дәуірін алмастыратын бірлік заманы келмей қоймайды. Өйткені адамдар бөлінудің жанға да, қоғамға да апат әкелетін кесел екенін анық түсінді. Нағыз игіліктің және ішкіі-сыртқы тыныштықтың бірлікпен ғана орнайтынын білді. Бұл исі адамзатқа ортақ уәзипа. Сол заман жақындап келеді. Оның тезірек келуі иә кешігіп келуі – біздің амал-әрекетімізге байланысты. Сондықтан ол заман…
❤13
19 Feb 2026, 06:43 UTC434 views8 reactionsread 8 August 2026 Терің сатпай табыс тапсаң, демек біреу сол табысты еңбектеніп тауып, бірақ өзі алмай қалған.
Тәржіман: Абзал Мақаш
👍8
18 Feb 2026, 12:19 UTC405 views8 reactionsread 8 August 2026 Ашкөздік болмағанда, торға бірде-бір құс түспес еді. Адам да сол жемге алданады. Аран – қолдағы кісен, аяқтағы бұғау. Аранына ашылған адам – сол аранының құлақкесті құлы. Бостан болғың келсе, ең алдымен араныңды тый. Аштықты басу үшін ғана тамақ іш, ләззат үшін емес
Тәржіман: Абзал Мақаш
🔥7👍1
17 Feb 2026, 06:41 UTC428 views13 reactionsread 8 August 2026 Әр адам өзіне қадыри хәлінше көп жақсылық тілейді. Ал дүниедегі ең ұлы жақсылық – барша адаммен татулықта, сүйіспеншілікте өмір сүру. Ләкин, біреуді жақсы көріп, біреуді жақтырмай жүргенде қандай татулық болмақ? Ол үшін жақтырмайтын адамыңды сүйіп үйрену керек. Адам ең ауыр жұмысты да үйренеді, ғылымға бой ұрады, жазу мен кәсіпке машықтанады. Соларды ыждағатпен үйренгеніндей, адамды да сүюді үйренсе, түк қиын іс емес…
🥰9🔥2❤1👍1
30 Sept 2025, 09:38 UTC606 views6 reactionsread 8 August 2026 Лев Толстой: Адамдар ақиқатта ғана біріге алады
Санаға салмақ түсірер сауалдарға жауап таппай дағдарған кезде «бұған ақыл-ой алыптары не дер еді?» деп ойланған кезіңіз болған шығар, қадірлі оқырман. Олар, әрине, ғайыптан тайып түсіңізге енбесе, өңіңізде ұшыраспайды. Бірақ бұған журналистикадағы еркін жанрлардың бірі – ретроспективалық сұхбат мүмкіндік береді. Ол – өмірден өткен адаммен жазып қалдырған еңбегі негізін…
❤5👍1
24 Sept 2025, 06:47 UTC659 views22 reactionsread 8 August 2026 Мақтаса, арқаңнан қақса, жақсылық жасаса, ол адамды еріксіз жақсы көріп тұрамыз. Асылында біз оның өзін емес, нәпсімізді тойдырған сөзін жақсы көреміз. Адамды өзің үшін, бас пайдаң үшін емес, кеудесіндегі ортақ құдайлық рух үшін жақсы көрсең – нағыз махаббат сол. Осылай жақсы көргенде ғана Ғайса пайғамбар үйреткендей досыңды ғана емес, дұшпаныңды да жақсы көре бастайсың.
Тәржіман: Абзал Мақаш
🔥12❤7👍3
23 Sept 2025, 04:53 UTC531 views8 reactionsread 8 August 2026 Адам әнсат ту сыртынан дауыс естіп, бірақ сөйлеушінің кім екенін мойын бұрып қарай алмайтұғын жағдайда көрінеді. Бұ дауыс күллі тілде күрмеусіз сөйлейді. Әр кісіні басқарады. Бірақ ешбір пенде оны, яғни дауыс иесін көзбен таныған емес. Ләкин, адам әлгі дауыстың қыл дегенін қылып, оған бағынышты болса, оны өз ішіне қабылдап һәм ақыл-ойымен өзін одан ажыратпайтын болса, ол мынаны сезетін болады: әлгі дауыс пен өзінің б…
❤5👍3
22 Sept 2025, 09:38 UTC454 views12 reactionsread 8 August 2026 Бәзбіреулер құдайдан ажырасам еркін боламын деп ойлайды. Шын мәнінде керісінше. Бәрінің ішінде өмір сүретін Құдайлық рухпен тұтасып кеткен адам ғана еркін бола алмақ.
Тәржіман: Абзал Мақаш
👍5❤4🔥3
19 Sept 2025, 04:47 UTC607 views12 reactionsread 8 August 2026 Өмір мен өлімді ақылмен, сабырмен түсіну үшін – өзіңнің түкке тұрғысыз, титтей ғана елеусіз бөлшек екеніңді түсінуің керек. Сен – шексіз әлдененің шағын бір түйірісің. Егер саған белгілі бір міндет, іс жүктелмесе – сен түк емессің. Сенің өміріңе мағына мен мән беретін – сол іс. Істердің ешқайсысы артық не кем емес. Саған не бұйырса, содан артық жасай алмайсың, тіпті бас тартуға да хақың жоқ. Сенің бір ғана еркің бар …
❤9🔥2🕊1
18 Sept 2025, 10:18 UTC487 views16 reactionsread 8 August 2026 Әулие сыртымен емес, ішімен әуре. Сымбатына салғырт, сырына алғыр.
Лао-Тсе бойынша
Тәржіман: Абзал Мақаш
❤14🕊2
17 Sept 2025, 04:30 UTC515 views14 reactionsread 8 August 2026 Күнә менен тәубесіз өмірдің мәні ашылмайды. Күнә бейне бір жұмыртқаның қабығы яки дәннің қауызы деп ойлаңыз. Күнәдан арылу – жұмыртқа немесе дәннің жарылуы сияқты. Нәтижесінде ішіндегі тіршілік ауа мен күннің әсерінен өсіп жетіле береді. Сол секілді күнәның қауашағын жарып шыққан руханият бастауындағы сана иесі құдайдың құдіретімен жетіле береді, өсе береді.
Тәржіман: Абзал Мақаш
❤12🔥2
16 Sept 2025, 13:52 UTC490 views17 reactionsread 8 August 2026 Өлімді ойлау – тірліктің шынайы мәнін ұқтырып береді. Мәселен, өлім жазасына кесілген адам мал жинап, атақ шығарып, билікті көксеуді не бір жаңалық ашуды емес – жаны жабырқағанды жұбатуды, жығылған шалға сүйеу болуды, баланың сынған ойыншығын түзетуді ойлайды.
Тәржіман: Абзал Мақаш
👍14❤3
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @levtolstoiaitady. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.