15 Aug 2026, 05:34 UTC194 views14 reactionsread 15 August 2026 – Тағы көп кітап алдың ба? – дедім Сабуға қолындағы пакеттерін нұсқап.
– Дәл солай, – деді әйелі томсырайып, күйеуінің бүйірінен түртіп қалды. – Кітап ала береді. Үйіміз толған кітап. Бір күні біздікіне келіп, сатып алыңдаршы бәрін.
– Ойбай, жоқ, – деді Сабу. – Осы жақында ғана азайттым ғой. – Басын иіп, әйелінен кешірім сұрай бастады.
Сатоши Ягисауа «Морисаки кітап дүкенінде өткен күндер»
https://t.me/kitapuzindis…
🥰7❤🔥4👍3
14 Aug 2026, 06:01 UTC≈1,010 views49 reactionsread 15 August 2026 — «Ыңғайлы-ыңғайсыз» деп аяқкиімге айтады. Әйелге ең бастысы — өз адамын тауып, бақытты өмір сүру.
— Ема-а-а-а, — ол бетін тыржитады, — романдарды көп оқыған соң осы енді. Әйелге сүйеніш керек, сосын да бай адамды іздейді. Әйелдің табиғаты ол.
— Әйелдерге не керегін түсінбейсің. Қазір заман басқа, әйелдер өздері-ақ ақша табады...
Әсел Төлепберген «Таңбалы жол»
https://t.me/kitapuzindisi
❤29👍9😁7💔4
13 Aug 2026, 06:04 UTC≈1,350 views38 reactionsread 15 August 2026 Өткен өмір – ұмтылған түстей ғана,
Енді бізге ешкім де түспейді ара.
...Өтіп кетер ме екенбіз бұл өмірден,
Күбірлесіп екеуміз іштей ғана.
Ерлан Жүніс «Кездесу»
https://t.me/kitapuzindisi
❤24💔6❤🔥5👨💻3
12 Aug 2026, 18:00 UTC≈1,450 views66 reactionsread 15 August 2026 Көк аспаннан бара жатыр,
Өмірімнің жұлдызы ағып...
Есенқұл Жақыпбек
❤42💔17⚡4❤🔥3
12 Aug 2026, 03:54 UTC≈2,180 views49 reactionsread 15 August 2026 Бірақ қазіргі тірлігі күйкі, мимырт. Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірді? Жарайды, уақа емес, емтиханнан шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кеткен жоқ па… Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па… Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге же…
🔥21❤16👍6💔6
11 Aug 2026, 05:46 UTC≈1,950 views61 reactionsread 15 August 2026 Жасырынып біреуден… Қашып… Тоңбай…
Жатсам деп ем самарқау тасып-толмай…
Мүмкін емес екен ғой жүрек барда
Өмір сүріп біреуге ғашық болмай...
Танакөз Толқынқызы
https://t.me/kitapuzindisi
❤38💔12🔥8🍾3
10 Aug 2026, 03:06 UTC≈2,190 views51 reactionsread 15 August 2026 – Кейде өстіп көзіме жас толатыны бар, әпкетай.
– Ыстық жас ажарлы бетке әжім түсіреді. Қолыңнан келсе жыламасқа тырыс, бауырым.
– Адам әдейі жылай ма, әпке?
– Иә… қазандағы су жалын өтсе ғана қайнайды.
Әбділда Тәжібаев «Майра»
https://t.me/kitapuzindisi
❤30❤🔥9💔6💯6
9 Aug 2026, 06:04 UTC≈2,410 views52 reactionsread 15 August 2026 Өмір деген қызық, кейде ол адам тағдырымен сүт құятын тостағанмен ойнаған мысық сияқты ойнайды, мазақ қылады, кейде таң қараңғысын түре кеп, терезеден бетіңе түскен күн сәулесі тәрізді күле қарайды.
Сәуірбек Бақбергенов «Ақ боз атты ару»
https://t.me/kitapuzindisi
❤35👍7🔥6❤🔥4
8 Aug 2026, 06:02 UTC≈2,560 views69 reactionsread 15 August 2026 Сен білесің,
жан білмес сырларымды,
өзім шеше алмайтын жұмбағымды,
Ешбір адам көрмеген белгілерді,
Еш жинаққа енбеген жырларымды.
Ерлан Жүніс «Сен білесің»
https://t.me/kitapuzindisi
❤48🤝9❤🔥7💔5
7 Aug 2026, 06:05 UTC≈2,780 views60 reactionsread 15 August 2026 Біз білгенде Қ-ның Ө, Ң, Ғ, Ұ деген қолдың саласындай туған інілері мен Ү, І атты көздің жауын алатын қарындастары бар еді. Осы бір отбасы өзімен-өзі болғалы еш жақсылық көрмеді, бағы жанбады. Өз үйінің төрінде отырып қыспаққа түсті, теперіш көрді. Бұлар да бір ел екен-ау деп оларды елеп-ескерген, санасқан ешкім болмады.
Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»
https://t.me/kitapuzindisi
❤34👍10💔10🔥6
6 Aug 2026, 06:01 UTC≈2,910 views67 reactionsread 15 August 2026 Қызғаншақтық деген әйелге де, ерге де дерт. Бұл көп жайда теңсіздіктен, ерлі-зайыпты екеуі бір-біріне тең болмаудан, немесе, тең болады. Кейде бірі сүйіп, бірі сүймей қосылатын ала ауыздықтан шығады. Әсіресе, әйелдің шайпау мінезі ер жігітті жүдетеді, жүнжітеді.
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
❤35👍18💯8💔6
5 Aug 2026, 06:02 UTC≈3,000 views76 reactionsread 15 August 2026 «Атадан ұл туса еді, ата жолын қуса еді» деп бұрынғылар неге тіледі дейсің. Ұлдың өзі тумайды, келін өзі келмейді. Бәрі де атаның күші, ананың сүтінен тарайды, — дей келіп, өзінің замандасы Құнанбайға байланысты бір әңгіме айтты. — Қазір Арғын ішінде мойны озып тұрған азамат — Абай ғой. Сол бір жолы әкесі Құнанбаймен сөз таластырып отырып: «әке, мен сенен асып кеттім» деген екен. Сонда Құнанбай іле жауап беріп: «оның…
❤42👏14👍10🔥10
Showing the 12 most recent of 30 posts we hold for @kitapuzindisi. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.