2 Aug 2026, 09:33 UTC351 views34 reactionsread 7 August 2026 Тамыз айының басталуымен… 📈
Сенің энергияңды сарқып жүрген немесе саған дұрыс қарым-қатынас жасамайтын кез келген адамды…
Блокта.
Еш аяушылықсыз, еш жанашырлықсыз.
Бұл кезең — өзіңмен жұмыс істеп, жетістікке жететін кезең. Кім болса да, біреудің кесірінен энергияңның сарқылуына жол берме.
Сенің энергияң — оны біреуге босқа шашатындай арзан емес.
🔥13🤪9💯6❤4👍2
31 Jul 2026, 12:12 UTC464 views35 reactionsread 7 August 2026 Бір адам он пәннен сәтті өтеді де, бір пәннен сүрінсе, бәрін тастап кетуді ойлайды.
Он рет көпшілік алдында сәтті сөйлейді де, бір рет қателессе, енді мүлде сөйлемеуге бел буады.
Жүз адамның ықыласына бөленеді де, бір адам ұнатпай қалса, соған бола тоқтап қалады.
Кейде адам тек сәтсіздігіне ғана қарап, жетістіктерін ұмытып кетеді.
Өмірде сәтсіздіктің белгілі бір үлесі болуы – қалыпты нәрсе. Одан толықтай қашып құ…
❤32👍3
26 Jul 2026, 19:47 UTC692 views61 reactionsread 7 August 2026 Менің Юсуф (а.с.) қиссасынан үйренген бір ғана нәрсем:
Алла сені жоюға тырысқан адамдардың көз алдында өміріңді қайтадан ең көркем түрде құруға толық құдіретті.
Нағыз өтем – кек алу емес.
Нағыз өтем – Алланың саған сондай нығметтер беруі, сол арқылы олардың сенің өміріңе қалай береке жауып жатқанын көруі.
Сонда сен бұрынғыдан да айқын, мықты әрі өз болмысыңа әлдеқайда шынайы болып ораласың.
❤49💯7😍5
26 Jul 2026, 14:18 UTC654 views40 reactionsread 7 August 2026 Екі сөзге сенбе:
• Әйел адам: «Ештеңе етпейді, бәрі жақсы» десе.
• Ер адам: «Мәселе ақшада емес» десе.
❤34🔥4😁2
24 Jul 2026, 08:25 UTC716 views45 reactionsread 7 August 2026 Бұлшықеттерің жаттығу кезінде өспейді.
Олар ұйықтап жатқанда өседі.
Сапалы әрі жеткілікті ұйқы өсу гормонының бөлінуін арттырады.
Ұйқы кортизол деңгейін реттейді.
Ұйқы тестостерон деңгейін көтереді.
Ұйқы – қалпына келу мен дамудың ең қарапайым әрі ең тиімді құралдарының бірі.
Оны бірінші орынға қой.
Бүгіннен баста.
❤41❤🔥4
22 Jul 2026, 08:47 UTC678 views24 reactionsread 7 August 2026 Photo
— «Ата-ананы құрметтеу туралы сендер не білесіңдер?
Имам Шафиғи анасы туралы жеті том кітап жазған!»
Әзілдің мәні мынада: «әл-Умм» («الأم») – Имам Шафиғидің фиқһқа арналған әйгілі еңбегінің атауы. Мұндағы «әл-Умм» сөзі «ана» деген мағынада емес, «негізгі», «басты еңбек», «түпнұсқа кітап» деген мағынада қолданылған. Бірақ көптеген адамдар кітаптың мазмұнын білмей, тек атауына қарап қорытынды жасап жатады.
👍17❤7
22 Jul 2026, 08:44 UTC579 views39 reactionsread 7 August 2026 Photo
Етеккір кезінде саған қалай қараса, жүктілік пен босанғаннан кейін де дәл солай қарайды.
Сондықтан, қарындасым, өмірлік жарыңды таңдауда асықпа. Оның саған қиын күндеріңде қалай қарайтынына ерекше мән бер.
👍19❤15👏5
20 Jul 2026, 09:24 UTC957 views56 reactionsread 7 August 2026 Қорқып жүрген жандарға айтыңдар:
«Бүкіл әлем өз Жаратушысының әмірімен басқарылып тұр. Ал кім Аллаға сүйенсе, ол ешқашан адаспайды да, құламайды.
Алаңдаған жүректерге де айтыңдар:
Тағдырдың ар жағында бізге беймәлім бір мейірім бар. Аспанда жазылып жатқан Алланың басқаруы – өзіміздің жоспарымыздан әлдеқайда қайырлы әрі бізге әлдеқайда мейірімді.
Өйткені Ол – ең жақсы Қорғаушы, әрі аса Рақымды Жаратушы.»
﴿فَاللَّ…
❤49🕊5💔2
17 Jul 2026, 20:34 UTC928 views64 reactionsread 7 August 2026 Уа, Алла! Мен – жұмсақтықты жақсы көретін бір қызбын. Сондықтан өмірімді мейірімге, жанашыр адамдарға және көркем сәттерге толтыра гөр.
Уа, Алла! Мені айналасына мейірім мен жылылық тарататын жан ете гөр. Маған жұмсақ сөз, тыныш жан дүние және қатігездікті білмейтін жүрек нәсіп ет.
Уа, Раббым! Мені жүрегі нәзік, жаны берік, рухы орнықты әрі артында тек жақсы із қалдыратын адам ете гөр.
❤62🔥2
17 Jul 2026, 19:30 UTC864 views44 reactionsread 7 August 2026 Жастық кезінде нәпсісін тәрбиелемеген адам жақсылардың мәртебесінен құр қалады.
🔥26❤11👍7
14 Jul 2026, 09:59 UTC≈1,530 views82 reactionsread 7 August 2026 Мен біреуді жақсы көрсем, күніне 23 сағат 59 минут қасында болғым келеді. Қалған бір минутта өз еркіне қоямын. Оған қатты қысым көрсетпес үшін.
🤣39😁22❤14🥱3😭3🌚1
6 Jul 2026, 08:45 UTC≈1,650 views77 reactionsread 7 August 2026 Байқағаным:
Сені жақсы көретін адамдар көбіне сенің өзің байқамайтын әдемі қасиеттеріңді көреді.
Олар саған өзіңе басқа қырынан қарауға себеп болады.
Олардың сүйіспеншілігі арқылы сен өзіңнің бұрын байқамаған қырларыңды тани бастайсың.
❤76😍1
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @izgiayel. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.