7 Jan 2026, 15:44 UTC593 views1 reactionsread 24 November 2026 Бұл – менің WhatsApp каналым.
Мұнда әртүрлі хадистер, ғұламалардың нақыл сөздері,
пайдалы насихаттар,
жүректі тазартып, иманды күшейтетін ойлар жарияланады.
📌 Пайдалы деп тапсаңыздар,
басқаларға да таратып, сауапқа ортақ болыңыздар.
Алла баршамызға пайдалы ілім нәсіп етсін
Подписывайтесь на канал "Asken_ustaz" в WhatsApp: https://whatsapp.com/channel/0029Vb6vUtYCBtxD54iAez2A
❤1
Signed Әбішев Әскен
29 Dec 2025, 11:50 UTC691 views3 reactionsread 24 November 2026 Риядус-солихин
273-бөлім: Мұсылмандарды кемсітуге тыйым салу
1576-хадис.
Жундуб ибн Абдуллаh (р.а.) риуаят етеді:
Алла Елшісі ﷺ былай деді:
«Бір адам: “Алла пәленшені ешқашан кешірмейді”, – деді.
Сонда Алла Тағала айтты:
“Менің құлымды кешірмеймін деп, Маған серт беретін кім бұл?
Мен ол адамды кешірдім, ал сенің амалыңды зая кетірдім!”»
(Муслим риуаят еткен)
Шейх Юсуф Хаттар
❤3
Signed Әбішев Әскен
29 Dec 2025, 11:50 UTC551 views1 reactionsread 24 November 2026 Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:
«Менің Алла Тағала тарапынан әкелген мысалым – өз қауымына келіп:
“Ей, халқым! Мен жау әскерін өз көзіммен көрдім. Сендерді ескертіп тұрмын, тезірек құтылуға асығыңдар!” – деген адамның мысалы секілді.
Қауымының бір тобы оған бой ұсынып, алғашқы түнде-ақ көшіп кетіп, жау әскерінен аман қалады.
Ал енді бір тобы оның сөзін өтірікке шығарып, орындарында қалады. Таң ата жау әскері басып кіріп…
❤1
Signed Әбішев Әскен
29 Dec 2025, 11:50 UTC459 views1 reactionsread 24 November 2026 بَدَأَ الْإِسْلَامُ غَرِيبًا، وَسَيَعُودُ كَمَا بَدَأَ غَرِيبًا، فَطُوبَى لِلْغُرَبَاءِ ".
"Ислам бөтен болып басталды және бөтен болып қайтады, бөтен болғандарға жақсылық (жәннат, жәннаттағы ағаш) нәсіп болсын". (Сахих Мүсілім)
Түсіндірмесі:
Ислам бөтен болып басталды…»
Ислам алғаш келген кезде оны қабылдағандар аз болды. Көпшілік олардың сенімін жат көрді, мазақ етті, қарсы шықты. Бірақ сол азшылық ақиқатта болды…
👍1
Signed Әбішев Әскен
15 Sept 2025, 17:35 UTC724 views6 reactionsread 24 November 2026 Video
Video, posted without a caption
❤3👍3
Signed Әбішев Әскен
25 Jun 2025, 11:09 UTC985 views18 reactionsread 24 November 2026 "Шынайы дос – сені Алла Тағаланы еске түсіретін және Оның разылығын алуға көмектесетін адам."
❤17👍1
Signed Әбішев Әскен
25 Jun 2025, 11:09 UTC986 views11 reactionsread 24 November 2026 "Қайғы екі түрлі болады: бірі – сен үшін, екіншісі – сенің зияныңа. Ақырет үшін болған қайғы – сенің пайдаңа. Ал дүние мен оның сәні үшін болған қайғы – сенің зияныңа.
Яғни, ақыретті ойлап уайымдау – адамды жақсылыққа жетелейді, ал дүниенің қызығына уайымдау – адамды алдандырады.
Иброхим ибн Адхам
🔥8👍2💔1
Signed Әбішев Әскен
30 May 2025, 18:05 UTC≈1,060 views11 reactionsread 24 November 2026 Өткінші қиындыққа сабыр етсек – сыйы мәңгілік жаннат.
Уақытша ауырлыққа төзген жан, Алланың шексіз нығметіне кенеледі.
@ Алла бізге сабыр мен жаннатты нәсіп етсін!
👍11
Signed Әбішев Әскен
30 May 2025, 17:49 UTC984 views13 reactionsread 24 November 2026 Әрбір қиындықпен бірге – жеңілдік бар.
Бұл дүниенің ауырлығына сабыр етсең, ахыретте жеңілдікке жолығасың.
Сондықтан нәпсіге ұнайтын өткінші қызықтарға алданып қалма.
Құлшылыққа сабыр ету қиын көрінсе де, тозақ отына ешкім сабыр ете алмайды.
@ Алла бізге бұл өмірде тауфиқ, ақыретте жарылқау нәсіп етсін!
❤11👍2
Signed Әбішев Әскен
30 May 2025, 14:02 UTC831 views6 reactionsread 24 November 2026 Video
Video, posted without a caption
❤6
Signed Әбішев Әскен
29 May 2025, 10:39 UTC682 views8 reactionsread 24 November 2026 Ізгі амал жасаған соң, мақтануға асықпа. Себебі мақтану – рияға бастайды, ал риямен жасалған амал қабыл болмайды. Қабыл болмаған амалыңмен қалай мақтанбақсың?
@ Алла бізді риядан сақтап, ықыласты құлдарынан етсін!
❤6💯2
Signed Әбішев Әскен
29 May 2025, 10:33 UTC670 views6 reactionsread 24 November 2026 Кішіпейілдіктің көрінісі – адам өз кемшілігін танып, өзгеден өзін төмен санауында.
Күнәсін мойындаған тәкаппар болмайды, ал өзгеге құрметпен қарау – жүректі жұмсартады.
@ Алла бізге шынайы кішіпейілдікті, таза жүрек пен дұрыс ниет нәсіп етсін!
❤6
Signed Әбішев Әскен
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @ilim_ordasy. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.