24 Feb 2026, 08:37 UTC≈2,370 views117 reactionsread 8 August 2026 ҚОШ БОЛ, ОҚЫРМАН!
Осыдан тура 7 жыл бұрын, 2019 жылдың 24 ақпан күні Essizdik is the new black! арнасы дүниеге келді.
Мен ол кезде 19 жасар жас жігіт едім, ол кезде заман да, адам да басқа еді.
Қазір кейбір бұрынғы оқырманым біреудің анасы, жақсы жерде қызмет етіп жүрген салмақты жігіт болды. 7 жыл бұрын ең алғаш пікір жазып, дауысчатқа қатысып, ең бірінші рет “Құтжол!” – деген адамдарды әлі танимын.
Сондықтан, 7…
😭117
17 Feb 2026, 19:52 UTC≈1,940 views19 reactionsread 8 August 2026 Санжар Боқаев саясатты қойып, АҚШ-қа көшіп кеткен екен.
Осыған орай, екі жағымды инсайт айтуға болады.
1. Негізі ағылшынша R әрпі, как раз қазақша Р-ға тілі келмейтін адам үшін керемет мүмкіндік. Bottle of Water десе де, нэйтив па деп қаласың.
2. Қазақстанның ауасы тазарып қалды. Нәгөнай “оппозиция” кетіп жатса, көңіл-күйім жақсарып қалады.
🙏12😭4🏆3
17 Feb 2026, 05:30 UTC≈1,660 views4 reactionsread 8 August 2026 Осы өлеңге жазылған керемет ән де бар.
https://youtu.be/I68LzzK0PbI?si=Nv_rrdKoRiTv3i2K
🔥4
17 Feb 2026, 05:28 UTC≈1,380 views5 reactionsread 8 August 2026 ***
Жолықтым саған, оңымнан самал ескен-ді,
Қорықтым содан, биіктеу екен мәртебең.
Ұмыттым бәрін, ұмыттым шулы кештерді,
Ұмытылды бүкіл жарты әлем.
Махаббат шіркін осынша жаным тез бе еді,
Күркіреп күндей өте шықты ғой көктемім.
Бейкүнә менің жанымда тұрып, өзгені,
Армандағаның не еткенің?
Сол бір досты енді менен де гөрі жақын қыл,
Мөлдір кештерді еске алып бұзба ойыңды.
Жатақханаңа жетектеп апаратын кіл,
Жолыма …
😭4👍1
16 Feb 2026, 19:50 UTC≈1,220 views14 reactionsread 8 August 2026 Доғар! Сенің өмір жолыңа
Мыналар саған серік пе?!
Келесі қадам кезекте,
Еркем менің, ерікпе!
😭
😭14
16 Feb 2026, 19:48 UTC974 views8 reactionsread 8 August 2026 Photo
Photo, posted without a caption
🏆8
16 Feb 2026, 03:36 UTC933 views21 reactionsread 8 August 2026 Білуімше, концерт деген сөзі кәнсерт деп жазу үшін де белгілі бір қазақи далбандық қажет.
Қазақ тілінің гармониясының бұзылуының өзі де кез келген тілге тән тірі процесс.
Сондықтан, машина бар кезде ат арбамен жүрмейтініміз сияқты, қазіргі қалыптасқан ережені қолданған жөн деп білемін.
👏14🔥7
15 Feb 2026, 04:55 UTC900 views3 reactionsread 8 August 2026 Сәйкесінше, объективизм бойынша Аристотель айтқандай “А дегеніміз А-ға ғана тең”.
Барлығын ақылдың жібімен өрбіту қажет: эмоцияның логикасы болмайды.
👏3
15 Feb 2026, 04:52 UTC859 views5 reactionsread 8 August 2026 Өмірдің тасқын ағысынан кеп
секірмес бұрын жағаға.
Ниеттің жібін ақылмен саба:
Қыратқа өзен аға ма?!
Болмыстың болмас-болары барын
күрсініс етіп ауаға
дем алмас бұрын, ойланып көрші:
аспанға жаңбыр жауа ма?!
Ұққанын біліп, ұқпастан қорқып,
ақылың келіп «Жоқ!» – деді.
Тірліктің көмірқышқылын жұтып,
шығарып үйрен оттегі.
// 2024.
🔥5
15 Feb 2026, 04:52 UTC708 views3 reactionsread 8 August 2026 Бұл “Атлант Расправил Плечи” деген романынан үзінді. Бұл кітапты үшінші мәрте қолыма алуға тура келді.
Оқып отырған абзац осы жолы ғана көзіме ерекше ілінді.
Оған бірден бір себеп абзац идеясының әлдебір жазған өлеңіммен үндес болуы.
🔥3
15 Feb 2026, 04:49 UTC687 views1 reactionsread 8 August 2026 Video
Video, posted without a caption
🔥1
14 Feb 2026, 02:52 UTC739 views7 reactionsread 8 August 2026 Қараңғы бөлме ішінде
қайғыны көрмес үшін де
көзімді жұмып жаттым көп.
Қорқынышты еңсеріп,
жүректің жайын тексеріп,
тамырымнан бастым дөп.
дүрс-дүрс-дүрс
зұлмат белгі шақырған жойқын, мұңды,
тентек теңіз жіберген толқын сынды
жүректің қағысы бейімсіз.
Барлығын тек жүрек біледі,
күресу – тиімсіз.
Ол біледі не көріп, не өткенін,
не естіп, не кешкенін,
не келіп, не кеткенін.
қай күз бен қай көктемін
жол бойы ұмытқан…
🔥5😭2
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @essizdick. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.