7 Nov 2024, 05:06 UTC≈2,180 viewsread 7 August 2026 Қазақтың маңдайына біткен бағы
Жаз да міне сырт берді тұра тұрмай,
Кетсе мейлі, кетсе екен шұбатылмай,
Күтем, күтем күз түсе біреуді ылғи
Елегізем не жолға шығатындай.
Мен емес ол бейуақ елегізген,
Кімді күтем, не күтем, неге күзден,
Асыранды қаз байғұс қаңқылдайды,
Құстар өтсе қиқулап төбемізден, – деп жырлаған қазақтың көрнекті ақыны Есенғали Раушановтың күз мезгілінде дүниеге келуінің өзі тегін емес сықылды. Сол …
Signed Sh
21 Oct 2024, 16:53 UTC≈2,000 viewsread 7 August 2026 Адам
- Көркембай ақсақ үйленеді деген сыбыс бар...
Той қамын жасап күбініп жатты туыстар.
Келін де келді,
Келді аздап көрпе-төсек те,
Көбейді сыпсың,
Рас па,
Әлде өсек пе?
- Оң жақта отырып жүкті боп қалған қыз дейді.
- Е, Көркемжанға ақ жаулық тисе есеп те...
Киімі бүтін,
Тамағы дайын - керемет,
Көркембай пақыр адам боп қалды, не керек.
Қырық жылғы үйін топанмен сылап шықты өзі,
Топсасы сынған есікті қайта шегелеп…
Signed Sh
5 Oct 2024, 08:39 UTC≈3,710 viewsread 7 August 2026 Photo
Бүгін Есенғали Раушановтың туған күні. 12 қазан күні ақынның шығармашылығына арналған кеш өтеді. Келіңіздер!
Signed Sh
2 Aug 2024, 05:35 UTC≈2,160 viewsread 7 August 2026 БАБА БЕЙІТІНДЕ
Өзiң бiлесiң,
Дұғамнан тастамадым есiмiңдi,
Ашпасаң ашпа, баба, есiгiңдi.
Кiм бiлсiн, мүсiркеуден шаршадың ба,
О бастан бақыты кем кесiр ұлды?
Сен түгiл мен өзiм де шаршап бiттiм,
Себебi сендiм, Ата, аңсап, күттiм.
Күткенiң, аңсағаның не десеңiз,
Оты екен жалғандық пен жаңсақтықтың.
Мiнеки, тауың жатыр шөккен нардай,
Ентiгiп шөккен нарға жеткен қандай?
Жоқ менде тiлер тiлек, айтар арзу,
Басыңа келсе…
Signed Sh
31 Jul 2024, 03:49 UTC≈2,040 viewsread 7 August 2026 Photo
Несiн қазбаладың,
Өшкем де жоқ, жоқ және маздағаным,
Қателердi жасауға мен жасаған
Бiр кiсiнiң ғұмыры аз, қарағым.
Ақталам не деп бүгiн,
Бақа уайымым көп болды, бөлек мұңым.
Жаңсағым мен мiнiмдi түзетерге,
Мен бiлмеймiн қанша өмiр керектiгiн.
Сатпаған құстар ғана,
Әсiресе, бозторғай ұшқан дара.
Менiң ессiздiктерiмдi қайталауды
Тiлемеймiн дос түгiл дұшпанға да.
Көлден өтiп, көлденең шөлден өтiп,
Өлмегенмен өзiңдi ө…
Signed Sh
7 Mar 2024, 05:45 UTC≈2,420 viewsread 7 August 2026 Photo
АҚЫН БОП ӨМІР КЕШІРУ
ОҢАЙ ДЕЙМІСІҢ, ҚАРАҒЫМ?..
/Жыр жүйріктері Есенғали Раушанов пен Нұрлан Мәукенұлы/
/Суретті түсірген - Шүкір Шахай/
Бауыржан Омарұлы
Signed Sh
4 Oct 2023, 05:17 UTC≈3,160 viewsread 7 August 2026 Photo
Маңғыстау өңірінде де еске алу кеші өтеді Құрметті өлеңсүйер қауым!
Сіздерді ақын, жазушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Есенғали Раушановты еске алу кешіне шақырамыз.
Құрметпен, Жазушылар Одағының Маңғыстау өңірлік филиалы
Signed Sherkhan
3 Oct 2023, 10:29 UTC≈3,810 viewsread 7 August 2026 Photo
5 қазан — Есенғали ағаның туған күні. Өмірден өткелі Алматыда алғаш рет еске алу кеші өткелі тұр. Бәріңізді бүрсігүні Аспаптар музейінің залына шақырамыз.
Signed Sherkhan
8 Sept 2023, 04:48 UTC≈2,880 viewsread 7 August 2026 Есенғали феномені
Бізге дейін іргесі қаланған керуен дүниеге әр ақын өзінше зер салып, өзінше пікір түйді, сүйе білді. «Ақындар өтеді бәріне таң қалып» деген сол болар. Ал алыстан-ақ даралығы көзге ұратын Есенғали жырының түйсігі бөлек, сезімі терең.
Есенғали аға жанашыр еді. Кісіге жаны ашып, болысуға даяр тұратын. Бірде түс әлетінде бөлмесіне бара қалғанда, көңілдене сөйлеген. Кенет мейрамхананың әйнегінен сыртта…
Signed Sherkhan
14 Aug 2023, 11:26 UTC≈2,810 viewsread 7 August 2026 Photo
Abit non obit[1]
Тамыз келді от құшақ, ыстық ерін,
Бір періште аспаннан түсті керім,
Ұшты менің құстарым бұлттан әрі,
Жусаннан да аласа міскін едім.
Мына қала, мына жұрт, мына маңда,
(Құдайым-ау, қалаң не, бұ ғаламда),
Сонша бақыт, осынша нөпір бақыт,
Көп емес пе, расында, бір адамға.
Қарашы, әлем сөйлеп тұр жыр тілінде,
Көрінбейді Алатау бұлты мүлде.
Түс болса егер бұл күндер, оянбалық,
Өңің болса, өтінем, кірпі…
Signed Sherkhan
11 Jul 2023, 11:56 UTC≈2,510 viewsread 7 August 2026 Photo
Есіл ерім-ай еңселі,
“Ес-аға” деуші ем мен сені…
Түтіндей кеткен сейіліп
Сол бір сәт қайта келсе еді…
Ұлықбек Есдәулет
Signed Sherkhan
17 Apr 2023, 11:47 UTC≈3,170 viewsread 7 August 2026 https://adebiportal.kz/kz/news/view/aigerim-esengaliqyzy-akemmen-syrlasu__24532
Signed Алтынбек
Showing the 12 most recent of 13 posts we hold for @esengaliraushanovolenderi. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.