7 Aug 2026, 12:59 UTC63 views1 reactionsread 7 August 2026 Photo
🐎 Ақтөбедегі жылқышы дауы: сот қандай шешім шығарды?
Ақтөбе облыстық соты 7 жылға сотталған жылқышы Рахат Сәрсеновке қатысты үкімді қайта қарап, оның әрекетін қайта саралады.
⚖️ Апелляциялық сот 39 жылқыны жымқырғаны дәлелденбеген деген қорытындыға келді. Тек бір жылқыны заңсыз сатқан эпизод дәлелденген.
📌 Соның нәтижесінде:
• 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы 6 ай бас бостандығын шектеуге ауыстырылды;
• «Рақым…
🤯1
7 Aug 2026, 12:58 UTC58 views1 reactionsread 7 August 2026 Photo
🚨 Жалған нөмірлерді Ресейден алдырып, Қазақстанда сатқан күдікті ұсталды
🚔 Қаржылық мониторинг агенттігі Ресейден мемлекеттік тіркеу нөмірлерін заңсыз алдырып, оларды Қазақстанда сатқан күдіктіні ұстады.
📌 Тергеу мәліметінше, ол шетелдік нөмірлерді әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, заңсыз саудалаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
🤔1
7 Aug 2026, 12:55 UTC61 views1 reactionsread 7 August 2026 Photo
🚨 Нұрай Серікбай ісі: сотта 35 пышақ жарақатының орны көрсетілді
⚖️ Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста сот-медициналық сарапшы марқұмның денесіндегі 35 пышақ жарақатының орналасуын көрсетті. Іс материалдары бойынша айыпталушыға аса қатыгездікпен кісі өлтіру, сталкинг және некеге тұруға мәжбүрлеу баптары бойынша айып тағылған.
😢1
7 Aug 2026, 11:11 UTC77 viewsread 7 August 2026 Photo
🗳️ Өз сайлау учаскеңізді қалай оңай табуға болады?
23 тамызда өтетін сайлауға қатысу үшін ең алдымен өзіңіздің қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді алдын ала тексеріп алған жөн.
📍 Мұны бірнеше тәсілмен жасауға болады:
• ЖСН арқылы арнайы онлайн сервиске кіріп;
• eGov Mobile және Gov.kz арқылы;
✅ Жүйе сіздің сайлау учаскеңіздің нөмірі мен нақты мекенжайын көрсетеді. Осылайша дауыс беру күні уақыт жоғалтпай, өз уча…
7 Aug 2026, 10:03 UTC115 viewsread 7 August 2026 Photo
🎓 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының нәтижесі жарияланды!
Биыл конкурсқа 127 мыңнан астам талапкер қатысып, бакалавриатқа 75 мыңнан астам грант бөлінді.
7 Aug 2026, 10:03 UTC75 viewsread 7 August 2026 Forwarded from @SayasatNurbekOfficialFile
File, posted without a caption
7 Aug 2026, 09:53 UTC105 viewsread 7 August 2026 Photo
🚔 Алматыда синтетикалық есірткі таратқан күдікті ұсталды
📦 Алматыда есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды. Оның көлігінен 135 орама, жасырын орыннан тағы 35 орама синтетикалық есірткі табылған. Үйін тінту кезінде де есірткі, электронды таразы және орауға арналған құралдар тәркіленген. Тергеу барысында Алматы облысында тағы екі келіге жуық синтетикалық есірткі анықталып, қылмыстық іс қозғалды.
7 Aug 2026, 09:31 UTC98 views0 reactionsread 7 August 2026 Photo
📣 «Реал Мадрид» клуб тарихындағы рекордтық трансферін жасады
🇪🇸 Мадридтік «Реал» Германияның «РБ Лейпциг» клубынан 19 жастағы ивуарлық вингер Ян Диомандені сатып алды.
✍️ Футболшы клубпен 2033 жылдың 30 маусымына дейінгі келісімшартқа қол қойды.
💶 Ресми қаржы көлемі жарияланбағанымен, испандық БАҚ трансфер құны 125 млн еуроға дейін, ал бонустармен бірге 135–140 млн еуроға жетуі мүмкін екенін жазуда. Бұл «Реал» тар…
7 Aug 2026, 09:29 UTC80 viewsread 7 August 2026 Photo
📌 «Бәрі менің келісімімсіз болды»: Нұрай Серікбайдың хаттары сотта оқылды
💬 Сот отырысында марқұм Нұрай Серікбайдың жазған хаттары оқылды. Онда ол өзіне көрсетілген қысым, қорқынышы және жеке өміріне қатысты жағдайлар туралы жазған. Сонымен қатар хаттарда кейбір әрекеттердің оның келісімінсіз болғаны айтылған.
🕊️ Іс қоғамның жіті назарында. Сот процесі жалғасып жатыр, ал барлық мән-жай сот барысында анықталады.
7 Aug 2026, 09:28 UTC63 viewsread 7 August 2026 Photo
🎒 Астанада 8,5 мыңнан астам балаға мектеп құралдары тегін беріледі
📚 Елордада жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсетіліп жатыр.
🧒 «Мектепке жол» акциясы аясында 8,5 мыңнан астам бала демеушілер есебінен мектеп сөмкесі мен қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі.
💰 Сонымен қатар, мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға арналған 46 228 теңге көлемінде біржолғы көмек бе…
7 Aug 2026, 09:25 UTC64 viewsread 7 August 2026 Photo
🎤 Испанияның беделді басылымы Димаш туралы жазды
🇪🇸 Испанияның ірі ұлттық газеттерінің бірі – El Mundo жаңа санының мұқабасына Димаш Құдайбергеннің фотосын шығарып, оның шығармашылық жолы мен әлемдік танымалдығына арналған көлемді мақала жариялады. 👏
✨ Мақалада әншінің Singer 2017 байқауынан бастап халықаралық деңгейдегі жетістіктері, ерекше вокалдық диапазоны мен әлемдегі жанкүйерлерінің күн санап артып келе жатқа…
7 Aug 2026, 09:23 UTC57 viewsread 7 August 2026 Photo
🚨 Таиландтағы элиталық мектепте оқушы сыныптастарына оқ атты
🇹🇭 Таиланд астанасы Бангкоктағы жекеменшік элиталық мектептердің бірінде жасөспірім оқушы сыныптастарына оқ жаудырды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар.
👮♂️ Полиция күдіктіні оқиға орнында ұстаған. Қазір шабуылдың себептері анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @egemenqazaqstan. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.