7 Aug 2026, 16:06 UTC127 views10 reactionsread 7 August 2026 Forwarded from @oz_oyim
"Ұрғашы деп хайуанды, малды, мысалы иттің күшігін айтады. Біз бұрыннан иттің күшігін еркек не ұрғашы деп айтатынбыз" дейді.
Сонда еркек деген иттің күшігіне, малға қолданатын сөзді ер адамға қолдануға болады екен да, ұрғашы сөзін әйел адамға қолдануға болмайды екен))).
Еркек дегені үшін "бізді қорладың, малға теңедің" деп арыз жазып жібереміз ба ерлер?😁)
😁4🙊4❤1💯1
28 Jul 2026, 22:51 UTC423 views30 reactionsread 7 August 2026 Бір қиындық туа қалса болды: “Көз тиді...”
Жұмысы жүрмей қалса “көз тиді”.
Берекесі кетсе “көз тиді”.
Тіпті ерлі-зайыптылар ажырасып кетсе де “көз тиді” дейді.
Иә, көз тию – хақ. Бұған күмән жоқ.
Бірақ болғанның бәрін көз тиюге жаба салу қателік және өзіңді әдемі алдау.
Бәлкім берекені көз емес, күнә алып кеткен шығар...
Бәлкім намазға немқұрайдылық әсер еткен шығар...
Бәлкім Алладан алыстаған жүрек берекеден де а…
❤25💯5
24 Jul 2026, 13:08 UTC480 views27 reactionsread 7 August 2026 Балаларың сенің дастарханыңнан тамақ тауып, бірақ жүрегіңнен даналық таппайтын күннен қорық.
Сен ойын-сауықтың соңында жүргенде, олар ақыл мен өнегені өзгенің әкесінен іздеп кетпесін.
Өйткені балаға ең қымбат мұра – байлық емес, әкенің даналығы. Ең үлкен жетімдік – әкесі тірі бола тұра, оның тәлімінен мақұрым қалу.
Бүгін балаңа дүние емес, ең әуелі дұрыс бағыт қалдыр. Әйтпесе ертең оның жүрегіндегі орныңды білімді…
❤22🔥3👍2
23 Jul 2026, 07:21 UTC≈1,010 views42 reactionsread 7 August 2026 “Кофе ішкенше садақа бер, ақыретіңе сауап жина” деген науқастарға, медресе құрылыстарына сбор видеоны көріп, “манипуляция”, “психологиялық қысым” деп сөгіп жатқандар көбейіп кетті.
Садақа бергің келмесе – берме. Ешкім сені күштемейді. Кофеңді де іше бер. Оған ешкімнің таласы жоқ.
Бірақ садақаға үндегенді сөкпе.
Өйткені садақа біреуге емес, ең алдымен өзіңнің ақыретің үшін. Берсең өз пайдаңа, бермесең өз таңдауың.
…
❤31👍6🔥2🕊1😢1🙊1
21 Jul 2026, 21:14 UTC425 views21 reactionsread 7 August 2026 Бұл жерде жалпы жақсылық пен көмектің барлық түрі жайында айтып отырмын.
Біреу кезінде сізге көмектеспеген шығар. Елемеген де болар. Бірақ оған бас ауыртпаңыз. Өйткені сіздің мақсатыңыз – адамдардың разылығы емес, Алланың разылығы.
Егер жүрегіңізде: “Мен бәрін Алла разылығы үшін істеймін” деген сенім болса, онда кеше сізді елемеген адамның бүгін көмек сұрауы сіздің ықыласыңызды өзгертпеуі керек. Шамаңыз келсе, көме…
❤16👍3🕊2
21 Jul 2026, 21:03 UTC392 views20 reactionsread 7 August 2026 Жақсылық жасауға мүмкіндігі бола тұра сараңдық танытатын адамның мәселесі түптеп келгенде ықыласқа келіп тіреледі. Өйткені ықылас әлсіреген сайын дүниеге деген байланыс күшейіп, адамның көзі дүниемен тұманданады. Сонда ол үлкен игіліктерден қалыс қалып, болмашы ғана жақсылығына мәз болып, өзін ізгі жан санап кетуі мүмкін.
❤19👍1
16 Jul 2026, 06:20 UTC569 views46 reactionsread 7 August 2026 Әрбір қысылған жүректің түбінде Алладан алыстау жатыр. Алламен байланыс әлсіреген сайын, жүректегі бос кеңістік ұлғая береді.
“Ал кім Мені еске алудан теріс бұрылса, расында оған тар (қысылған) тіршілік болады…”
Таһа сүресі, 124-аят
❤42🕊3custom 54024554554337877291
10 Jun 2026, 12:57 UTC≈1,020 views37 reactionsread 7 August 2026 Намаз адамды Аллаға жақындатса, сол жақындық оның мінезінен, ісінен және адаммен қарым-қатынасынан көрінуі тиіс. Әйтпесе, дін өмірдің мәніне емес, әшейін тек рәсімге айналып қалады.
❤27🔥9👍1
10 Jun 2026, 12:54 UTC≈1,010 views37 reactionsread 7 August 2026 Дінді тек ғибадатпен шектейтін мұсылмандар көбейіп барады: намазын қаза етпейді, алайда саудасында адалдықты, отбасында жауапкершілікті, сауда да адалдықты, ішкен асында халалдықты және мінезінде көркем ахлақты байқамайсың…
❤31💯5👍1
8 Jun 2026, 20:47 UTC909 views34 reactionsread 7 August 2026 Photo
Емтихан деп жүріп, өзге каналдарды оқымақ түгілі өз каналым бар екенін де үнемі ұмытып кете беремін, басқа кезде де))😅
❤31😁3
3 Jun 2026, 15:29 UTC879 views34 reactionsread 7 August 2026 “Мына дұға өте күшті”, “мына сөзді 313 рет айтсаң бәрі шешіледі”, “мына құпия дұғаны ешкім білмейді” деген сөздер көбейіп кетті.
Ал Пайғамбарымыз ﷺ үйреткен дұғаларға қарасақ, олар адамның дүниесі мен ақыретін түгел қамтиды. Сондықтан көптеген ғұламалар Құран мен Сүннетте келген дұғаларды ерекше қадірлеген.
Әрине, өз сөзімен дұға жасауға болады. Бірақ мәселе онда емес. Мәселе біреулердің Сүннеттегі дұғаларды ысырып…
❤25💯6🔥2🕊1
18 May 2026, 17:07 UTC≈1,020 views64 reactionsread 7 August 2026 Аллаға мұқтаждықпен емес, махаббатпен жақындаушылардан болып үлгер🌱
❤48custom 54024554554337877299💔7
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @alisagatuly. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.