1 Aug 2026, 19:40 UTC833 views83 reactionsread 8 August 2026 Ибн Баттута – барған елдерінен алған әсерлері мен көрген-білгендерін үнемі жазып жүрген әйгілі саяхатшы әрі ғалым. Сондықтан сіздер де қайда барсаңыздар да, кімдермен таныссаңыздар да, алған әсерлеріңіз бен естеліктеріңізді қағазға түсіріп жүріңіздер. Уақыт өте келе ол бір құнды еңбекке, тіпті кітапқа айналуы мүмкін. Оның пайдасын өздеріңіз ғана емес, басқа мұсылмандар да көреді.
Бұл – ғалымдардың ежелден келе жатқа…
❤68🔥10👍3⚡1🤯1
1 Aug 2026, 09:22 UTC852 views111 reactionsread 8 August 2026 Пайғамбарымыз ﷺ айтты:
«Жәннатқа көз салдым да, оның тұрғындарының көпшілігі кедейлер екенін көрдім».
Бұхари мен Муслим риуаят еткен.
Яғни: дүниеде кедейлердің саны байларға қарағанда көбірек. Бұл — бар болған жағдайды хабарлау. Оларды Жәннатқа кіргізген кедейліктің өзі емес. Керісінше, олар кедей бола тұра ізгі болғандары үшін Жәннатқа кірді.
Шейх Уәйл Ханбали(хафизаһулла)
❤96👍11🔥3⚡1
29 Jul 2026, 13:10 UTC≈1,170 views74 reactionsread 8 August 2026 Шынында, тажуид бір жаттығу сияқты нәрсе.
Сен тек тәжуид ережелеріне байланып қалып, имамдық ете алмайсың.
Мен, мысалы, «ولا الضالين» сөзін дұрыс айтуға бір жарым ай жұмсадым, білесің бе?
Ұстазым күнде екі саусағын аузыма қоятын. Тіпті сол күні не жегенін саусағының дәмінен білетінмін.
Қарсы алдында отырып:
– «ولا… ولا… ولا…» – деп қайта-қайта айтқызатын.
Кейде: «Бүгін ұстаз құрғақ бұршақ жепті», «бүгін мынаны …
❤58👍8🔥3💯2⚡1🤯1😁1
27 Jul 2026, 15:01 UTC≈1,210 views90 reactionsread 8 August 2026 Мүмін мешітте – судағы балық секілді, ал мұнафиқ мешітте – тордағы құс секілді.
❤72👍14⚡2💊2
26 Jul 2026, 17:02 UTC≈1,290 views99 reactionsread 8 August 2026 Саған кеңес беріп отырған адамның көбі, шын мәнінде, ол сен арқылы өзінің өткен өміріне тіл қатады.
👍50❤🔥22❤18💯6🤯2⚡1
23 Jul 2026, 16:57 UTC≈1,750 views132 reactionsread 8 August 2026 Балаңызды жетістікке жеткен адамдардың балаларымен салыстырмас бұрын, алдымен өзіңізді олардың әкесімен және анасымен салыстырып көріңіз.
👍75❤39🤣6🤝5💔4⚡1🔥1🤯1
23 Jul 2026, 06:10 UTC≈1,830 views117 reactionsread 8 August 2026 Бір бәдәуи Имам әш-Шағбиден:
— Ібілістің әйелі бар ма? — деп сұрады.
Имам:
— Иә, — деді.
— Оған қандай дәлел бар?
Имам:
— Алла Тағаланың: «Мені қойып, оны және оның ұрпағын дос тұтасыңдар ма?» деген аяты, (18:50)— деді.
Бәдәуи:
— Әйелінің аты кім? — деп сұрады.
Сонда Имам әш-Шағби:
— Тойында болмадым! — деп жауап берді.
🤣47😁38❤25⚡2😱2👍1💊1🤝1
22 Jul 2026, 15:38 UTC≈1,460 views140 reactionsread 8 August 2026 Бір адам Жохадан:
— Жүзе аласың ба? – деп сұрапты.
Жоха:
— Жоқ, – деп жауап беріпті.
Әлгі адам:
— Онда ит сенен артық екен. Өйткені ит жүзе алады, – дейді.
Сонда Жоха:
— Ал сен жүзе аласың ба? – деп сұрайды.
Ол:
— Иә, жүзе аламын, – дейді.
Жоха:
— Онда сен итпен бірдей екенсің, – деп жауап беріпті.
🤣85❤41😁11😱2💔1
22 Jul 2026, 06:05 UTC804 views75 reactionsread 8 August 2026 Forwarded from @Olzhas_Khanafin
Бүгін 22 ші шілде Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рақым етсін) дүниеден озған күні. Дұға жасап, құраннан бағыштап қоялық.
Алла қабірін кең етіп, нұрландырсын.Жанын тыныштықта етсін. Алла өзінің шексіз мейіріміне бөлесін🤲
❤64🕊6💔3⚡2
21 Jul 2026, 20:03 UTC≈1,410 views90 reactionsread 8 August 2026 Алла Тағала былай дейді:
• Әл-Аʿраф: 201
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوۡاْ إِذَا مَسَّهُمۡ طَٰٓئِفٞ مِّنَ ٱلشَّيۡطَٰنِ تَذَكَّرُواْ فَإِذَا هُم مُّبۡصِرُونَ
Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан һәм азабынан барынша сақтанатын тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру, әзәзіл ой келе қалса, бірден өз-өзіне келіп, Алланы еске алады. Сонда көкірек көзі бірден ашылып (ақиқатты анық көре алатын болады).
Мұ…
❤78⚡6🤝4🤯2
20 Jul 2026, 17:06 UTC≈1,300 views147 reactionsread 8 August 2026 Ібіліс саған жоғалтқан нәрсеңді тым үлкен етіп көрсетеді. Тіпті “Онсыз өмір сүру мүмкін емес” деген ойға дейін жеткізеді. Бірақ өмір жалғасады. Уақыт өте келе Алла барлық ісіңді қайырлы етіп, жоғалтқаныңның орнын әлдеқайда жақсысымен толтырады.
❤122👏7🥰4⚡3👍3🍓2🐳2💔1
17 Jul 2026, 08:29 UTC≈1,860 views172 reactionsread 8 August 2026 Көркем сабырдың бір белгісі – адамдар сені өміріңде ешқандай қиындық көрмей жүргендей ойлайды.
Нығметте де, сынақта да хәліңнің бірдей болуы – өте көркем қасиет.
Ешкімге ешнәрсені дәлелдеуге тырыспа.
Сен туралы Алланың білуі – саған жеткілікті.
Сен Алла Елшісінің ﷺ жолымен келесің. Ол ﷺ адамдардың ең көп уайым-қайғы көргені болса да, ең көп жымиып жүретін адам еді.
❤131👍14🔥8💔5💊3🕊3🍓2🐳2
Showing the 12 most recent of 20 posts we hold for @akhmedovyerbol. View and reaction counts are the latest single reading for each post, not a live figure, and a recent post is still accumulating both. A view count marked ≈ was rounded by Telegram before we ever saw it — t.me prints views in full below 1,000 and to three significant figures above, so ≈1,200,000 means somewhere between 1,150,000 and 1,249,999. Unmarked counts are exact. Text is reproduced from the public post preview and truncated for length.